Бапкер Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан болуы мүмкін екенін айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өтетін үшінші жекпе-жектің қашан болуы мүмкін екенін айтты.
Абель Санчестің сөзінше, "Golden Boy Promotion" компаниясының президенті Эрик Гомес GGG-дің жеңілісінен кейін үшінші кездесу өткізу қажеттігін айтқан. BoxingScene Санческе сілтеме жасап, Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 5 мамырда өтуі мүмкін екенін жазды.
Бапкер орта салмақтағы WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе келесі жылдың басында шаршы алаңға шығуы екіталай екенін атап өтті. Санчестің пікірінше, қазақстандық боксшыға қазір демалыс қажет.
Айта кетсек, Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. Төрешілердің шешімімен 12 раундқа созылған қарымта жекпе-жек мексикалық Сауль Альварестің пайдасына шешілді. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды.