Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуен – әсемдік әлеміне жетелейді

Әуен – әсемдік әлеміне жетелейді

Елдегі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер арасынан болашақ небір майталман өнерпаз, әнші және түрлі-түрлі мамандық иелері шығары шүбәсіз. «Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші солардың бойындағы балауса таланты мен адами қасиетін ерте бастан байқап, дамыта білу ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығын қажет етеді.
Балдырғандарды әсемдік әлеміне жақындатып өнерге баулитын кезең мектепалды даярлық шағы. Музыкамен шұғылдану әсіресе баланың жеке басының дамуына жәрдемдеседі. Алдымен олардың әуезді тыңдау, қабылдау қабілетін жетілдіру, дамытуға көңіл бөліп отыру қажет. Менің өз тәжірибемнен байқағаным, топқа кіргенімде бүлдіршіндер мені қолдарын шапалақтап, қуана қарсы алады. Өйткені біразы музыканы тыңдағанды, ән айтқанды, билегенді ұнатады. Әрине, әрқайсысы музыка әуенін әр түрлі дәрежеде қабылдайды. Кейбірі ән айтуға құмар болса, басқа балалар әуендік би қимыл жасауды ұнатады. Сондықтан әрбірінің мүмкіндігін байқап, бақылауды естен шығармаймын.
Мектепке дейінгі балалардың музыкаға, биге, ән әлеміне деген ынта-ықыласын жас кезінен арттырудың пайдасы зор. Өйткені эстетикалық қабілеттері артып, кішіпейілділікке тәрбиеленеді. Мұндай ұрпақтың тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өміріне қосар үлестері мол болатыны сөзсіз.
«Бала тәрбиесі – баршаның ісі» десек бүлдіршіндер болашағына бейқам қарамай, таңғы шықтай мөп-мөлдір жан-дүниесіне терең үңіле жүрейік.
Айгүл ІЗЕЙ,
«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі
21 қаңтар 2019 ж. 1 413 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031