Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала санасын ерте жастан дамытудың маңызы

Бала санасын ерте жастан дамытудың маңызы

«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, мектепке дейінгі тәрбие ұлтымыздың ұлттық сана-сезімінен нәр алып, адами құнды қасиеттермен қалыптасып келе жатқаны заңдылық. Елбасының қолдауымен балаларды мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиені қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» бағдарламасы мен білім беру мекемелеріне арналған көптеген әдістемелер өмірге келіп, осы бағытта біршама жұмыстар өз жемісін беруде. Әсіресе, сол бағдарлама аясында мектепке дейінгі тәрбиенің жас жеткіншектің болашағы үшін берер әсері мол деп білемін.
Балабақшадан бастап, әрбір баланы жеке тұлға деп қарап, ұлттық құндылықтармен сусындата отырып, қоршаған орта мен қоғам туралы ең қажетті жалпы ғылыми біліммен қаруландыру табиғи ортаны танып-білуге үйрету және дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру – әрбір тәрбиеші ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Бүгінгі жас бүлдіршіндерімізді азамат етіп қалыптастыруда қоғам талаптарына сай білім мен тәрбие қажет. Балаларды жан-жақты әрі жаңашыл бағыттағы ұлттық тұрғыда тәрбиелеу – бүгінгі болашақтың кемеңгер тәрбиешісі атанған мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жауапты ісі.
Балабақшаға бару сәбидің жаңа дағдылар мен әдеттерді шыңдауын, қарым-қатынас пен қызметтің түрлі тәсілдерін меңгеруін қажет етеді. Бұл мектепке дейінгі ұйымның қызметкері ретінде ересек адамдар, сонымен қатар ата-аналар тарапынан сәбиге ерекше көңіл бөлуді қажет ететін кезең.
Соның ішінде ерте жастағы балаларды балабақшаға бейімдеу кезеңінде эмоциялық тұрғыдан қолдау көрсету, ол үшін қызықты болып келетін қылыққа тарту арқылы сәбиге көмектесу, балабақшада сәбидің қызығушылығын тудыратын жағдайлар жасау, қуаныш, тыныштық мақсатқа бағытталған шығармашылық қызмет ахуалын құру, баланың өз еркімен жасаған әрекеттеріне қолдау көрсету, оның басқа балалармен достық қарым-қатынас орнатуға деген бастамасын дамыту мен бағыт көрсету, құрдастары арасында баланың орнын табуына көмектесу қажет.
Балабақшаға бейімделу үшін ерте жастағы балалар мектепке дейінгі мекемеге кемінде екі ай бойы күнделікті келіп тұруы тиіс. Егер бала бұл мерзімге шыдамаса және ауырып қалатын болса, онда бейімделу барысы ұзаққа созылады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалармен тағыз байланыса отырып, тәрбиеші олармен алуан түрлі қарым-қатынас жасауға көшеді. Балалармен мұндай өзара қатысу баланың ересек адаммен практикалық ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Осы арқылы олардың айналамен қатынас жасауға деген ынтасы барынша оянады.

Жанат СӘРСЕМБАЙ,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.
12 маусым 2018 ж. 5 284 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 47

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031