Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстамы мықты ұстаздар

Ұстамы мықты ұстаздар

Қазіргі таңда балаға тәрбие, білім беру бағытындағы жұмыстар ерекше форматта жүзеге асуда. Ол үшін мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру мен шығармашылық қабілетін ашу маңызды екені сөзсіз. Себебі баланы білім нәрімен сусындататын бірден-бір тұлға ұстаз екені анық. Осы орайда ағымдағы жылдың 2-5 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңа­қорған» шипажай базасында «Тәжірибе алаңы-2019» жобасы болып өтті. Аталған жиынға облыс бойынша шығармашылық жұмыстармен белсенді айналысып жүрген 70 мұғалім қатысты.


Ұстаздардың бойында әртістік шеберліктің болуы заңды. Себебі әрбір баланың көңілін тауып, білімге құлшынысын ояту өнер арқылы жүзеге асады. Тәжірибе алаңын ұйымдастырушылар бұл мәселені де ұмыт қалдырмады. «Ауыл кеші көңілді» тақырыбындағы басқосуда қалалық және аудандық білім бөлімдері командалары дайындаған өз өнерлерін ортаға салды. Бұл сайыста қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған Қазалы аудандық білім бөлімінің командасы бірінші орынды иеленді.

Жақсылықты бөліссең – көбейеді. Жиын барысында сондай-ақ «Мұғалімнің жеке ізденіс зертханасы» көрмесі ұйымдастырылып, шығармашыл ұстаздардың иннова­циялық жобалары мен ғылыми ізденістері, халықаралық деңгейде марапатталған мұғалімдердің жетіс­тіктері көрсетілді. Әдістемелік нұс­қаулар мен авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар сарапқа салынып, нәтижесінде №225 мектеп мұғалімі Жанат Ахан үшінші орынмен марапатталды. Ал, қатысушылардың жаңа идеясын тыңдау барысында ерекше көзге түскен №249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі А.Бөлебаева бірінші орынды еншіледі.

Шара барысында облыс бойынша педагогикалық маңызы жоғары жаңартылған білім беру аясында тәжірибе алаңының қатысушыларымен «Жаңартылған білім беру: өзгеріс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция үйлестірілді. Бұл сайыста 14 қатысушы бағын сынады. PDF форматында жарияланған ғылыми-әдістемелік жинақтардың үздік баяндамасын ұсынған №96 мектеп мұғалімі Рита Жалғасбаева және №91 мектеп ұстазы Айнұр Оразалы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Аудандық білім беру саласының қызметкерлері әзіл жанрында да басқалардан қалыс қалмайтынын дәлелдеді. Көңілді тапқырлар алаңы форматында өткізілген әзіл-қалжың жарысында қазалылық білім бөлімі командасы кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жүлделі үшінші орынға тұрақтады.


Бұдан бөлек, «Үздік ықшам сағат – 2019» сайысында №266 мектеп-лицейдің мұғалімі А.Тиыштықова үшінші орын алса, «Мұғалім мәр­тебесі» атты ақындар айтысында №70 мектептің мұғалімі Е.Пралиев пен №134 мектептің мұғалімі А.Өтетілеуов жүлделі орындар қатарынан көрінді.

Жарқынгүл МАХСУТОВА
12 қаңтар 2019 ж. 2 713 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031