Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «100 нақты қадам» - зор мүмкіндіктердің бастауы

«100 нақты қадам» - зор мүмкіндіктердің бастауы

Қызылордада «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім» бағытындағы аймақтық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамның 79 қадамы» бойынша «Білім жүйесіндегі ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу мәселелері» талқыланды.
Ұлт жоспарына сәйкес өңірде оң нәтижелі жұмыстар бар. Жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы Майра  Мелдебекова атқарылған істерді баяндап өтті.
Облыстық білім басқармасымен  2016 жылдан бастап осы бағытта алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Яғни, оқушылары ағылшын тілін жоғары деңгейде жетік білетін білім беру ұйымдарының жұмысына сараптама жасалып, нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектебі, үш тілде оқытатын мамандандырылған «Мұрагер» мектебі, «Білім-Инновация» лицейлері, 4 дарынды балаларға арналған мектеп интернаты«мамандандырылған білім беру ұйымдары» болып есептелген. Бұл білім ұйымдарында ағылшын тілі пәніне бөлінген қосымша сағаттар да, тереңдетіп оқытуға бөлінген сағаттар есебінен қаралған. Нәтижесі жаман емес. Оқушылар Халықаралық ғылыми жоба жарыстары мен пәндік олимпиадаларда тұрақты түрде алдыңғы қатардан көрініп жүр»,- дейді білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.
Өңірде педагогтардың біліктілігін арттыруға да баса мән берілген. 2016 жылдан бастап, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мұғалімдері ағылшын тілі бойынша курстардан өтуде. Атап айтсақ, 2016 жылы - 45 мұғалім, 2017 жылы – 649 мұғалім курстан өткен болса, ағымдағы жылы олардың 406-ы келесі деңгей бойынша біліктілігін арттыруда.
Басқарма басышысы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшкен мұғалімдердің жалақысына 30,0 мың теңге қосымша ақы төленетіндігін атап өтіп, 2021-2022 оқу жылында облыстағы жалпы орта білім беретін 260 мектептің (бастауыш, негізгі мектептерін қоспағанда) 201-і яғни 77% ағылышын тілінде оқытуды енгізуді бастайтындығын айтты.
Отырыста ағылшын тілі пәні бойынша біліктілік курстарынан өткен ұстаздардіңбілімі мен санаттары да сөз болды.Бұл бағытта «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов айтып өтті.
- Жалпы, облыста 1471 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері болса, олардың  43,2%-ы біздің институтта біліктіліктерін арттырды.  Соңғы үш жылда курстан өткен 635 ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 5,7%-ы жоғары, 22,2% -ы бірінші санатты ұстаздар. Институттағы мониторинг және сараптау бөлімі мамандарының жүргізген сауалнамалары өткізілген 36 курстың оқыту сапасының орташа көрсеткіші 10 баллдық жүйе бойынша 9,89 балл құрап отыр»,- деді сапа мен санатқа байланысты Бауыржан Елеусінов.
Жиын соңында комиссия мүшелері күн тәртібіне сәйкес алда орындалатын жұмыстарды пысықтап тиісті ұсыныстар бойынша жұмыс жасайтындықтарын айтты.
10 маусым 2018 ж. 1 347 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930