Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын ашық талқылау мақсатында WhatsApp желісі іске қосылды

«Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын ашық талқылау мақсатында WhatsApp желісі іске қосылды

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтауға тікелей атсалысады.

Аталған құжатта ұстаздарға материалдық стимулдар мен әлеуметтік кепілдіктер, түрлі тексерістерден қорғау мен құзыретіне жатпайтын жұмыстарға жекпеу туралы тың ұсыныстар қамтылған.

"Салалық кәсіподақ барлық мүдделі тараптарды, оның ішінде әсіресе ұстаздар қауымын аталған тарихи заң жобасын кеңінен талқылауға шақырады. Талқылау мен ұсыныстар қабыладуды барынша кең қамту үшін ұстаздар кәсіподағы 24 сағат бойы онлайн режимде жұмыс істейтін+7 747 919 38 51WhatsApp желісін іске қосты және ұсыныстар қабылдауды бастады" - делінген кәсіподақ таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, «Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтау жұмысы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы Халыққа жолдауы аясында жүзеге асуда.

Қазіргі таңда аталған құжат ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқылаудан өтуде.

Заң жобасын талқылау кезінде қазірдің өзінде Кәсіподақ кеңсесіне 300 ден астам ұсыныс келіп түсті. Салалық кәсіподақ заң жобасына қатысты ұсыныстарды дәстүрлі әдіспен кәсіподақтың www.edu-tradeunion.kz ресми сайты мен proin.kz@mail.ru электронды поштасына жолдау мүмкіндігі бар екенін де еске салады.

Заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына 2019 жылдың Қаңтар айында өткізу жоспарланған.
07 желтоқсан 2018 ж. 1 340 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 117

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930