Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжірбие алаңы

Тәжірбие алаңы


Ұстаздар қауымы қанша жыл тер төгіп, еңбек етсе де «болдым, толдым, мен бәрін білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін қазіргі заманда көптеген инновациялық технологиялар қолданылуда. Бүгінде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгеріс енгізіліп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше жаңа ұлттық модельдер құрылуда. Өмір өз орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады. Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру қажет. Осы орайда Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде бірлестіктер арасында ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің шебері екендігін сынау, тәжірибе алмасу мақсатында «Тәжірибе алаңы – 2018» байқауы өтті.
Шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Елеусіз және директордың бастауыш сыныптары жөніндегі орынбасары А. Алуашова ұйымдастырды. Байқау белгіленген ереже бойынша педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсенді ету, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, ұлттық білім инициативасын жүзеге асыру, шығармашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелерін үлгі ету, насихаттау мақсатында жүргізілді.
Сайыс көрме, таныстыру, бейнг-ринг, ықшам сабақ, кері байланыс (әдістемелік оқу), «Менің өз рефлексиям» тақырыбында баяндама, тәрбие саласындағы жаңа істерім және көңілді әзілдер деп аталатын сегіз бөлімнен тұрды. Байқауға алты бірлестік қатысты. Ұстаздардың өнерлері мен тәжірбиелері көрермендер мен әділқазылар мүшелері тарапынан жоғары бағаға ие болды. Нәтижесінде бас жүлдені қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігі жеңіп алса, бірінші орынға бастауыш сынып, екінші орынға математика, физика, информатика пәндері, үшінші орынға орыс тілі мен ағылшын пәндері бірлестіктері ие болды.
Байқауды мектеп директоры Э.Сматуллаева қорытындылап, ұстаздарды марапаттап, құттықтады.
Д.ЖАНИЕТОВА
Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп мұғалімі.
16 қаңтар 2018 ж. 3 183 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031