Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогикалық идеялар панорамасы

Педагогикалық идеялар панорамасы

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы педагогтер үшін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқауының өңірлік кезеңі мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өтті.
Марапаттау салтанатын институт директоры Б.Елеусінов алғысөзімен бастап, байқау барысында жасалған жұмыстар туралы айтып өтті.
Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «үздік» деп танылған 63 жеңімпаз дипломдармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарының бейне-сабақтары Республикалық кезеңге жолданды.
Педагогтерге арналған кеш барысында байқау қатысушылары өз лебіздерін білдіріп, байқау барысында кездескен қиыншылықтары мен қызықты сәттерін айтып, өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұжымына педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.
01 қараша 2018 ж. 2 576 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031