Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әмбебап полицейлер

Әмбебап полицейлер

«Степа аға — милиционер» мультфильмін көріп өскен буын үшін басты кейіпкердің қандай жан-жақты екені әлі күнге дейін жадында. Әмбебап маман бәріне жауапты, бәріне ықыласты, үлгерімді. Полицейдердің мұндай түрлері арамызда да бар. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан мұндай қанатқақты жоба бүгінде өз нәтижесін беріп келеді.

Кез келген дабылға дайын патрульдік полицейлерге қойылатын талап та күшейтілген.Аудандағы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметіне қарасты патрульдік полиция тобы жұмысымен танысқан біз олардың жаңа заманауи құрал-жабдықтармен жасаған жұмыстарына куә болдық. Қағазбастылықтан арылу мақсатында жүзеге асқан планшеттермен құжат толтыру жеңіл әрі қолайлы. Онда көлік пен ондағы жүргіншінің барлық мәліметтері жинақталған. Тәртіп сақшысы тіркеген құқық бұзушылық жедел республикалық орталық базасана тіркеледі. Бұл өз кезегінде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты азайтуға да мүмкіндік береді.

Полицейлер қолданысындағы GPS-навигаторлары да жұмысты жеделдетуге айтарлықтай үлесін тигізген.

«Бұрын көшеде жол жүру ережесін бұзғандарды кідіртіп, ескерту айтқанымызбен, шара қолдана алмайтынбыз. Енді жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін тоқтатып, айыппұл салуға, хаттама жазуға құқылымыз. Қала тәртібін қадағалау барысынды қозғалыс қызып тұрған жерлер ғана емес, адам аз жүретін аумақтарға да баса назарға алынды», – деді полиция капитаны Мұрат Қаналиев.
Мұндағы байқампаз жігіттердің қатысуымен түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар құрықталған. Мәселен, көлікпен сейіл барысында орын алатын тәртіпсіздіктер тұрақталып, көліктер терезелерін қараңғылау ісі жойылған. Автомашиналарды ретсіз, белгіленбеген орынға қою амалдары да жөнге қойылуда.

Бес арнаулы маман қызмет ететін топ тыныштығымыз бен қалыпты қозғалысымызды қалтқысыз қадағалауда толымды қызметтерімен танылып келеді.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
09 қаңтар 2019 ж. 878 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930