Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сексеуіл кентінде жаңа полиция бөлімшесі ашылды

Сексеуіл кентінде жаңа полиция бөлімшесі ашылды

Күні кеше сексеуілдіктер тағы бір игі жаңалықтың куәсі болды. Аудандағы тіректі елді мекен саналатын Сексеуіл кентінде жаңа полиция бөлімшесі ашылды. Кенттегі полиция ғимаратының ашылу рәсіміне аудан басшысы М.Оразбаев арнайы қатысып, өз сөзінде:
– Еліміз үшін ең басты құндылық – адам өмірі болса, олардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды жұмыс. Осы ретте, Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатымен жүруі тиіс екендігін атап көрсетті. Осы бағытта тәртіп сақшыларына мемлекет тарпынан қолдау көрсетіліп, түрлі жабдықтармен қамтамасыз етуде. Соның бір айғағы, өткен жылдың сәуір айынан бастау алған «Полиция бөлімшесінің» құрылысы деуге болады. Қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде бүгін жаңа ғимарат пайдалануға берілуде», – деп, құқық қорғау қызметкерлері мен тұрғындарға ізгі тілегін білдірді.
Жаңадан бой көтерген пункт барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қоғамдық қауіпсіздікке жауап беретін құқық қорғаушылар үшін бұл зор қуаныш. Жаңа ғимараттың лентасы қиылып, жиылғандар нысанды аралап көрді. Бұл бұрынғы полиция бөлімшесінен әлдеқайда үлкен. Енді құқық қорғаушылар толық қуаттылықта жұмыс істей алатын болады.

16 қаңтар 2018 ж. 2 331 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 197

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 180

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930