Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Өткен жылы өсім алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмауға байланысты атқарылған шаралар және жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы жөнінде аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Мырзабек Тәжібай, мал ұрлығын болдырмауға бағытталған шаралар туралы Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Орысбек Жәмшейтов, Майлыбас ауылдық округінің әкімі Қаныш Жұбатқан баяндады.
Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, патрульдік полиция құрылымының жұмысын жандандыруды, сотталғандар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, Әйтеке би кентінде орналастырылған бейнекамералардың сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды.
Комиссия мүшелері өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.