Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орындықтардың бірінде Гагариннің ескерткіші пайда болды

Орындықтардың бірінде Гагариннің ескерткіші пайда болды

Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы космонавт Юрий Гагариннің бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылы мен Абай даңғылының оңтүстігіне орналасқан, - деп хабарланды қалалық әкімдіктің ресми сайтында.

Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді.

Бұл арт-объект селфи үшін тартымды ғана емес, сонымен қатар өткен күннің белгісі болып саналады, өйткені адамзат тарихында алғаш рет Юрий Гагарин Қазақстан жерінен ғарышқа аттанған болатын. Жоба авторлары Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының жас студенттері Азамат Қабыл мен Ақылбек Шәкен. Жобаны жүзеге асыруға "BI Group" құрылыс компаниясы қолдау көрсетті.

"Біздің ойымызша скульптура қала ландшафтымен жақсы үндестік тауып тұр, аллеяны жандандыра түсуде. Алматыда мұндай объектілер көп болады деген үміттемін. Себебі олардың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Оның үстіне бұл жас суретшілердің қалыптасуына оң ықпал етеді", - деді Азамат Қабыл.

Еске салсақ, бұрындары Төлебаев көшесінің бойына "Кино" тобының солисі Виктор Цойға ескерткіш қойылған еді. Бұл дестинация қазір қала тұрғындары мен Алматы қонақтары жиі келетін орынға айналды.
30 желтоқсан 2018 ж. 1 376 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930