Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 30 желтоқсан күні түнде Түркістан облысында қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, түнде 25 м/с күшейетіні болжануда.

Шымкентте 30 желтоқсан күні түнде және таңертең батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Түркістан қаласында 30 желтоқсан күні түнде және таңертең батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді. Ескерту ықтималдылығы 90-95%.

Сондай-ақ 30 желтоқсан - 1 қаңтар аралығында Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман сақталады.

30-31 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

30 желтоқсан күні Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Ескерту ықтималдылығы 85-90%. Бұған дейін елордада 29-31 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын жазған едік.
29 желтоқсан 2018 ж. 1 095 0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26 ақпан 2026 ж. 42

Есіктен есікке

26 ақпан 2026 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728