Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің оңтүстігінде 20 градус аяз күтілуде

Еліміздің оңтүстігінде 20 градус аяз күтілуде

Қазақстанның алты өңірінде және елордада ескерту жарияланды.

Жамбыл облысында 30 қарашада жауын-шашын түсіп, күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысып, оның екпіні 30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. 1 желтоқсан күні түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аяз болады.

Алматы облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын түсіп, күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысып, оның екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. 1-2 желтоқсанда түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 18-23 градус аяз болады.

Түркістан облысында 30 қарашада күндіз жауын-шашын, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-бағытқа ауысып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. 1 желтоқсан түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 16 градус аяз болады. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

29 қараша күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтау қаласында оның екпіні 18 м/с-ке жетуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

30 қарашада Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Астанада 30 қарашада түнде және таңертең көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

30 қарашада Қостанай облысында бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.
30 қараша 2018 ж. 1 276 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031