Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тұман және көктайғақ": 4 облыста дабылды ескерту жарияланды

"Тұман және көктайғақ": 4 облыста дабылды ескерту жарияланды

18 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел соғып, көктайғақ болады.
Қатты жел, көктайғақ және бұрқасын салдарынан Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, кейбір аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ертең Петропавлда солтүстік-батыстан келетін жел секундына 25 метр жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысында 18 қазан күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 25 метрге дейін жетеді.
Өскемен мен Семей қалаларында күндіз оңтүстік-батыстан келетін жел секундына 15-20 метрге дейінгі жылдамдықпен соғады. 18 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады және солтүстік-батыстан келетін жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Сондай-ақ, 18 қазан күні Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді және тұман түседі. Мұнымен қатар, аталған облыстың кейбір аймақтарында жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен ұйытқуы мүмкін.
18 қазан 2018 ж. 1 239 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031