Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Жасөспірім және көше» шарасының 2 күнінде 108 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада «Жасөспірім және көше» шарасының 2 күнінде 108 құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың наурыз айының 24-28 күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім және көше» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Іс-шараның 2 күнінде 108 құқық бұзушылық анықталды. Ішкі істер органдарына ата-анасының ертіп жүруінсіз жүрген 96 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
8 жасөспірім профилактикалық және тізімдік есепке алынды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін 2 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
26 наурыз 2018 ж. 2 491 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930