Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы аудандық сотында «Түнгі сот» жобасы аясында әкімшілік іс қаралды

Қазалы аудандық сотында «Түнгі сот» жобасы аясында әкімшілік іс қаралды

Қазалы аудандық соты «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске қосып, оның аясында жол-көліктік құқық бұзушылықтар туралы материалдарды сағат 18.30-дан 22.00-ге дейінгі аралықта қарауды бастап кетті.

Әкімшілік іс бойынша азамат Е. автокөлік басқаруға құқығы жоқ күйде «LEXUS RX 300» маркалы автокөлігін басқарып, тежегіш орнына газ педалін басып жіберіп, тұрғын үйге соғып, соқтығысу салдарынан жәбірленушілерге материалдық зияндар келтірген.

Іс бойынша тараптар уақыттарын үнемдеу үшін және істі қарау мерзімін қысқарту мақсатында сот мәжілісін жұмыс уақытынан тыс «Түнгі сотта» қарау туралы өтініш білдірді.

Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 3 -бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 101 010 теңге айыппұл салынды.

Сот отырысы аяқталған соң іс бойынша тараптар түнгі соттың тиімділігін, дауды тез шешілуін, уақыт үнемділігін, дауды кешкі уақытта, жұмыс уақытынан бөлінбестен шешуге мүмкіндік беретіндігін жеткізіп, оң бағаларын берді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
06 желтоқсан 2018 ж. 1 615 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930