Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Halyk Bank пен Qazqom Apple Pay жүйесін іске қосты

Halyk Bank пен Qazqom Apple Pay жүйесін іске қосты

Бүгіннен бастап Apple Pay мобильді төлемдер жүйесі Halyk Bank пен Qazqom карталарын ұстаушыларға қолжетімді болды.Halyk Bank пен Qazqom-ның Visa және Mastercard карталарын ұстаушылар өз тұтынушыларына жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын жаңа деңгейге шығаратын жеңіл әрі қауіпсіз төлем құралы Apple Pay арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігін алды.

“Біз клиенттерімізге тауарлар мен қызметтерге контактісіз төлем жүргізудің қарапайым әрі ыңғайлы тәсілін ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Біз өз тарапымыздан эквайринг инфрақұрылымын Apple Pay қызметін қабылдауға дайындайға атсалыстық. Аталған технологияның Қазақтанға келуімен тұрғындардың күнделікті өмірі айтарлықтай жеңілдеді. Оларға үйден шыққанда жалғыз зат смартфонын алып жүрсе болды, банк карталары мен қолма-қол ақша қажет емес”,- деді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Apple Pay қызметін іске қосу өте оңай: тұтынушылар Halyk Bank пен Qazqom-ның Visa және Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қоса алады. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады.

“Apple Pay жүйесін Қазақтанда іске қосу – біздің нарық үшін банктердің контактісіз төлемдерді қолдану аясын кеңейтуге деген талпынысын және тұтынушылардың инновациялық төлемдер тәсіліне көшуге дайындығын көрсететін жағымды белгі. Біз Apple Pay қызметі арқылы төлем жасаудың жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз тәсілін ұсына отырып, Visa төлем карталарына арналған барлық артықшылықтарды сақтаймыз. Apple Pay сервисіне Visa Token Service технологиясы негіз болып табылады. Visa Token Service – картаның 16 таңбалы нөмірі сияқты құпия ақпаратты мобильді құрылғыда қауіпсіз сақталып, сатып алуларға төлем жасауға қолданылатын бірегей сандық сәйкестендіруші – токенге ауыстырады. Visa Token Service -тің көмегімен Halyk Bank-тің Visa карталарын ұстаушылар аталған қызмет қосылған кез келген Apple құрылғысы арқылы сатып алған заттары үшін төлем жасай алады”,- деді Орталық Азия елдеріндегі Visa-ның бас менеджері Ғалым Табылдиев.

Apple Pay технологиясының негізін қауіпсіздік пен клиенттер деректерінің құпиялылығы құрайды. Карта Apple Pay қызметіне қосылғаннан кейін оның нөмірі құрылғыда да, сол сияқты Apple серверінде де сақталмайды. Мұның орнына есептік жазбаның бірегей нөмірі тіркеліп, арнайы шифрі арқылы Apple құрылғысының “Қауіпсіз элемент” чипінде қауіпсіз жағдайда сақталады. Әрбір транзакция динамикалық түрде түрлендірілетін, бір-ақ рет қолданылатын бірегей құпия код арқылы авторландырылады.

Apple Pay ге Touch ID-ге саусақты тигізіп немесе шеткі батырманы екі рет түртіп, iPhone X-те Face ID арқылы операцияны растау үшін бір қарап, қосымшаларда және веб-сайттарда оңай сауда жасауға мүмкіндік береді. Apple Pay-дің көмегімен байланыс деректері бар үлкен құжаттарды қолмен толтырудың немесе жеткізу және шот қою туралы деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ, Apple Pay сервисін қосу қарсаңында Halyk Bank клиенттерге арналған бонустық акция бағдарламасын дайындады. Wallet қосымшасында қосылған әрбір Halyk және Qazqom картасына 500 теңге бонус сыйлыққа беріледі, ал танымал кофеханаларда төлем жүргізгенде қосымша 5 пайыздық бонус есептеледі.
Айта кететін жағдай, Apple Pay төлем жүйесі әлі Германия мен Белгия елдерінде қолданысқа енбеген. Демек, Қазақстандағы төлем жүйесі Еуропаның кейбір елдеріне қарағанда көш ілгері дамып келеді.
Қазір Halyk Bank-тің эквайрингтік желісі контактісіз төлеу функцияс бар 26 000 POS-терминалдарды қамтиды. Бұл көрсеткіш елдегі ең ірi POS-терминалдар желісі.

Apple Pay төлем жүйесі бұдан бұрын Ресей мен Украина елдерінде сәтті жүзеге асқан. Демек, Қазақстанға контактісіз төлемдер нарығының дамуына жаңа күш беретін жүйе болады.

Енді тек Halyk Bank пен Qazqom емес, Сбербанк, Фортебанк, Еуразия банкі және Центркредит картасының қолданушылары Mastercard контактісіз технологиясының көмегімен смартфон арқылы төлем жасай алады. Қазақстанжа биылдан бастап картамен немесе смартфонмен жасалатын қолма-қол ақшасыз төлем 40 пайызды құраған. Қазір Mastercard 2020 жылға дейін Еуропадағы, сондай-ақ Қазақстандағы барлық терминалдарды қолма-қол ақшасыз төлем қабылдайтын технологиямен жабдықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

29 қараша 2018 ж. 1 028 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930