Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Huawei өкілдері іPhone кезегіндегі адамдарға тегін Power bank таратты

Huawei өкілдері іPhone кезегіндегі адамдарға тегін Power bank таратты

Huawei компаниясы Apple өнімін сынға алды. Қытайлық компанияның өкілдері жаңа iPhone смартфондарын сатып алу үшін кезекке тұрған халықтың ортасына еніп, iPhone тұтынушыларына батарея қуаттағыштарын тегін тарата бастапты. Бұл оқиға Сингапурда кеше кешкі сағат 23:00 шамасында орын алған. Huawei өкілдері таратқан сыйлықтың ішінде қуаттағыштан бөлек кішкентай көлемдегі қағазға жазылған хабарлама да бар екен. Онда былай жазылған: «Бұл пауербанк. Алыңыз, бұл сізге керек болары анық. Құрметпен, Huawei!». Бұл әрекет арқылы қытайлық компания жаңа Apple өнімінің аккумуляторы нашар екендігін насихаттауда. Сонымен қатар, бұл Huawei-дің Apple тарапына айтылған алғашқы сыны емес. 12 қыркүйекте өткен iPhone смартфондарының таныстырылымынан кейін Huawei Тwitter желісіндегі ресми парақшасына былай деп жазды: «Бұрынғыны қайта жасап шығарғандарың үшін рақмет!».

Толығырақ: https://massaget.kz
24 қыркүйек 2018 ж. 1 238 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 178

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031