Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Халық банкі" АҚ енгізген өзгерістер

"Халық банкі" АҚ енгізген өзгерістер

"Халық банк" пен "Казком", өздеріңіз білетіндей, жақын арада қосылып бір банкке айналды. Екі банк жүйеcі біріккен кезде біршама өзгерістер орын алып, біраз қиыншылықтар туындағаны рас. Міне, осы орын алған кемшіліктерді түзеп, "Халық банк" қызметтерін қолданушылардың мүмкіндігін арттыру мақсатында #JanaHalyk атты жақсарту бағдарламасын іске қосты.

#JanaHalyk атты жақсарту бағдарламасы аясында бүгін, яғни 28 қараша күні, Halyk Bank бірнеше жаңа қызметтер ұсынды. 9 900 000 тұтынушысы бар банк үшін бұл өзгерістер оң қадамға бастары анық. Сонымен, Halyk Bank қандай өзгерістерді іске қосты:

Western union. Western union қызметін қолдану үшін бұрын сіз міндетті түрде банк бөлімшесіне бару керек болғансыз. Қазір бұл қызметті сіз онлайн орындай аласыз.

Виртуал карталар. iOS және Android арқылы жылдам түрде виртуал карта аша аласыз. Карта ашуға сізге бар жоғы 1 секунд уақыт кетеді, әрі картаның жылдық қызмет көрсету құны – 1 теңге. Homebank қосымшасы арқылы кіріп «Меню» тетігін басып, төмендегі тізім ішінен «Открыть карту» деген тетік арқылы іске асыра аласыз. Виртуал картадағы қаражатыңызды банкоматтан шеше аласыз.
0 теңге. Енді барлық халық банкының тұтынушылары карталарының арасындағы ақша аударымдары 0 теңге болады. Бұл дегеніңіз, енді басқа Halyk Bank картасына ақша аудару үшін сіз ешқандай % төлемейсіз. (Бұрын бұл қызмет ақылы болған). Halyk Bank қолданушылары күніне 1 000 000 аударым жасайды.

ApplePay. Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard карталарын ұстаушылар өз тұтынушыларына жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын жаңа деңгейге шығаратын жеңіл әрі қауіпсіз төлем құралы Apple Pay арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігін ұсынды. Бұл дегеніңіз, сіз кез-келген жерде контактысыз телефоныңыз арқылы төлем жасай аласыз. Apple Pay қызметін іске қосу өте оңай: клиенттер Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қоса алады. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады.

Homebank қосымшасын бүгінгі күні 2 500 000 адам қолданады, әрі осы қолданушылардың 45 % – Apple құрылғыларынпайдаланады.
Halyk Bank-тің эквайрингтік желісі контактісіз төлеу функциясы бар 26 мың POS-терминалдарды қамтиды. Бұл – елдегі ең ірі POS-терминалдар желісі. Бұл ретте Visa, Mastercard картасын немесе алып жүретін Apple құрылғыларын жай ғана тигізу арқылы тауарлар мен қызметтерге төлеуге болатын терминалдар Қазақстан бойынша 9 585 саудагердеорнатылған. Жалпы алғанда, әлемде Apple Pay қолжетімді болатын 11 миллионнан артық локациялар бар.

Homebank арқылы төлемдер мен аударымдарды қоса, төлем карталарын жиі қолдана бастады: соңғы кезеңде онлайн-платформа арқылы 28 млн төлем жүргізілді.

ApplePay қызметін интернет ұстамай тұрса да қолдана аласыз.
29 қараша 2018 ж. 2 471 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930