Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл жолы «Батыр – Павлодарда»

Бұл жолы «Батыр – Павлодарда»

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Сауда үздігі-2018» республикалық конкурсы қорытындыланды. Бұл конкурс 2002 жылдан бері Қазақстанның әр аймағында өтуде.
Ереже бойынша байқаудың бас жүлдесін иеленген облыс келесі конкурсты өткізу мәртебесіне ие болады. Ал былтыр «Сауда үздігі-2017» республикалық конкурсының бас жүлдесін біздің өңірден «Абзал и К» компаниясы алған еді. Былтырғы жеңімпаз биыл республиканың түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса қонаққа аймақтағы түрлі кәсіпкерлік нысандар мен ойын-сауық орталықтарына баспасөз турын ұйымдастырды.
Келген қонақтар алдымен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы бойында орналасқан «Қызылорда» кешенінде болды. Нысанда қонақ үй, мейрамхана, көлік жөндеу орталығынан бөлек, монша, дүкен, шаштараз сияқты қызмет көрсету орындары қарастырылған. 400 миллионнан аса қаржыға салынған үлкен кешен өткен жылы пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, келушілер «Жан Арай» ЖШС-да болып, өндірістің жұмыс барысымен танысты. Сыр күрішінен түрлі өнім шығаратын кәсіпорын мал азығы мен құс етін дайындаумен де айналысады. Сонымен қатар өңірге келген қонақтар «Арай» демалыс орны мен қаладағы көрікті жерлерді тамашалады.
Кәсіпкерлер үйінде қорытындыланған конкурс «Бөлшек сауда саласындағы үздік кәсіпорын», «Көтерме сауда бойынша үздік кәсіпорын», «Үздік сауда үйі», «Үздік ойын-сауық, сауда-саттық орталығы», «Үздік демалыс орны» және тағы басқа номинациялар бойынша өтті. Басты мақсат – кәсіпкер жұмысының жоғары бағалануы, Қазақстан бойынша сауда орындарының жұмыс нәтижесін саралау, сервис пен қызмет көрсету деңгейін көтеру және өзара тәжірибе алмаса отырып, кәсіпкерлік саласына жаңа форматтар енгізу.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким ел кәсіпкерлеріне толағай табыс тіледі. Облыс бойынша 26 кәсіпорын ұсыныс берген байқауда жерлестеріміз үздіктер қатарынан көптеп көрінді. Мысалы, «Бөлшек сауда саласындағы үздік кәсіпорын» мен «Кіші форматтағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Жалағаш ауданындағы «Әлихан» мен «Алдияр» кәсіпкерлік нысандары 2-ші орынды иеленді. «Көтерме сауда бойынша үздік кәсіпорын» номинациясында «AB Invest Group» ЖШС және «DALATEX» ЖШС үздік деп танылды. «Үздік ойын-сауық, сауда-саттық орталығы» номинациясының жүлдегерлері қатарында қазалылық «Энергомера» ЖШС да бар. Ал конкурстың бас жүлдесі – Гран приді Павлодар қаласынан келген «Батыр-Павлодар» ЖШС жеңіп алды.
Шара барысында өзара ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Атап айтсақ, Қызылорда облысының әкімдігі және «Қазақстанның сауда кәсіпорындары ассоциациясы» арасындағы өзара ынтамақтастық туралы келісім жасалды. Сонымен бірге «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Қырғызстан Республикасының «Дордой» ассоциациясы арасындағы меморандумға да қол қойылды.
Салтанатты кеш соңында «Сауда үздігі-2018» байқауына белсене қатысқан және ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.
24 қараша 2018 ж. 1 246 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930