Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтаулы маман Мұратбай

Мақтаулы маман Мұратбай

Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін. Иә, еңбек ерді еліне сыйлы етеді. Оған облыстық «Алтын дән – 2018» мерекесінде куә болдық. Мереке кезінде ауылшаруашылығының дамып, өркендеуіне үлес қосқан еңбеккерлер құрмет төріне көтерілді. Олардың қатарында қазалылық Мұратбай Жетесәлі де бар.
Ол – «Сыр маржаны» серіктестігі дирек­торының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. Мұратбай Өтемісұлы Бек­арыстан би ауылының тумасы. Еңбекке ерте араласқан ол мектеп бітірген соң қазіргі Бекарыстан би ауылында механизатор болды. Моңғолия елінде Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін, Песоченский ауылшаруашылық техникумынан агроном мамандығы бойынша білім алды.
1988-1997 жылдар аралығында «Ильич» атындағы совхозда бригада есепшісі, Жамбыл облысы «Комсомольский» совхозында бригадир, «Пробуждение» совхозында бригадир, ХХІІ партсъезд атындағы совхозда бригадир қызметтерін атқарған. Сонымен бірге «Көларық» шаруа қожалығында агроном, «Әзілхан ишан» серіктестігінде агроном-маман, «Көларық» серік­тестігінде бригадир, «Қазалы талабы» серіктестігінде директор болды.
2005 жылы «Сыр маржаны» серік­тестігіне агроном болып жұмысқа орналасып, еңбек сатысымен бригадир, бас агроном қызметтерінен өтті. Қазір серіктестік директорының ауыл шаруашылығы жөнін­дегі орынбасары.
Егін саласының қыр-сырына қаныққан маманның өзгеге үйретері көп. Тәжірибесі толысқан Мұратбай Жетесәлі туралы ұжымдастарының айтары аз емес.
«Мұратбай ағадан үйренгеніміз көп. Жердің жайын, егіннің күйін жақсы біледі. Оның еңбекқорлығы мен тапсырманы тындырымды орындайтын жауапкершілігін әрбіріміз бойымызға сіңіргіміз келеді», – дейді олар.
Бұған дейін аудан әкімінің Алғыс хаты мен Қазақстан Республикасының «Құрмет» ор­денін иеленген маман облыстық «Алтын дән – 2018» мерекесінде Қазақстан Рес­публикасы Ауыл шаруашылығы министр­лігінің Құр­мет грамотасымен марапатталды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

03 қараша 2018 ж. 1 444 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 318

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031