Ынтымақ пен бірліктің үлгісі
Күні кеше ғана аудан орталығында ала жаздай дархан дала төсінде тынымсыз еңбек көрігін қыздырған дихан-механизаторлар мен дүйім жұртшылықтың қатысуымен “Алтын дән – 2018” салтанаты болып өтті. Әйтеке би кентінің орталық алаңына жиналғандарға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөзін арнады. Ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін жоғары бағалаған ол биылғы жылдың егін жинау маусымында уақытпен санаспай, ел ырзығы – егінді мерзімінде жинап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген молшылық иелеріне шынайы алғысын білдірді.
– Биылғы «Алтын дән» мерекесі Елордамыз – Астананың 20, Сыр елінің бас қаласы – Қызылорданың 200 және Қазалы ауданының 90 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келіп отыр. Сонау 1928 жылы іргесі қаланып, жеке отау құрған біздің аудан өз тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің үлгісі болып, толағай табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды. Тәуелсіздікпен бірге түлеп, жылдан-жылға дамып, өркендеп келеді. Мұның барлығы Елбасының сарабдал саясаты, облыс әкімінің қолдауы, халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында мүмкін болып отыр.
Осындай ынтымағы жарасқан аудан биылғы «Алтын дән» мерекесіне толайым табыстармен жетті. Биылғы ауа райының салқын болуына, Сырдария өзенінде қалыптасқан судың тапшылық жағдайына қарамастан аудан диқандары бітік егін өсіруді қамтамасыз етті. 6480 гектар күріштің әр гектарынан 44 центнерден өнім жиналып, ел қамбасына 28 мың тоннадан астам астық құйылды. Бұл зор жетістік, үлкен нәтиже, барша аудан халқының тынымсыз тірлігінің жемісі.
Жыл басынан бері 7,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, барлық ауылдарда ата кәсіп – бау-бақша егу жұмысы жанданды. Биыл 15 мың тонна бау-бақша өнімдері алынса, оның 500 тоннадан астамы Ресей Федерациясына жіберіліп, 7 мың тоннаға жуық күріш Тәжікстан мен Әзербайжан еліне экспортталды. Машина-трактор паркі жаңадан 32 техникамен толықты. Суармалы егіс алқабын кеңейтуге байланысты аудандағы 5 мың гектарға жуық суармалы жерді қайта айналымға қосу жобасын құжаттандыруға аймақ басшысының тікелей қолдауымен 154 млн теңге бөлінді.
Әртараптандыру жұмыстарына ерекше мән беріліп, тұңғыш рет 120 гектар түйе жоңышқа, 50 гектар судан шөбі, 50 гектар сорго, 5 гектар соя дақылы және күріштің Иран Ислам Республикасында сұранысы жоғары “Торем Хошеми” сорты егілді. Бұдан бөлек, өндірістік негізде 17 гектар жерге картоп егіліп, жоғары өнім алды. 5 гектар жерге алма, алмұрт жемістерінің көшеттері отырғызылды, – деген аудан басшысы агроөнеркәсіп саласының аумақ көлеміндегі өркенді тұстарын айрықша атап жеткізді.
Мерейлі мерекеде ауданның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматтар “Қазалы ауданының құрметті азаматы” атанды. Олардың қатарында кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, дипломнан кейінгі қосымша кәсіби оқу кафедрасының меңгерушісі Жанкентхан Абылайұлы, Қызылорда облысының статистика департаменті басшысының орынбасары Нұрман Талқанбаев, еңбек ардагері, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген ауылшаруашылық қызметкері Бекділда Нұршабаев және білім саласының ардагері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, “Жанқиярлық еңбегі үшін”, “ҚР білім беру ісінің үздігі” төсбелгісінің иегері Шарафадин Алтынбай бар.
Мұнан соң аудан әкімі егін жинау жұмысының қорытындысы мен еңбек озаттарын, ұжымдарды Алғыс хатпен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Атап өтсек жыл қорытындысы бойынша «РЗА-Агро», «Сыр Маржаны», «Жалаңтөс батыр» серіктестерінің күріш өсіруші Ербол Мұратбай, Алмас Абжалиев, Бақытбек Құрманәлі “Озат күрішші”, «Сыр маржаны», «Агро Өркен», «Рза Агро» серіктестерінің жатка машинистері Қайрат Бекеш, Аралбек Умадатов, Теңеп Жақып “Озат жаткист” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал, Аманкелді Тілеулес, Сыдық Серік, Өмірбек Жолбарысов “Озат комбайнер” бағамдарын алып, абыройлары асқақтады.
Сондай-ақ, Кеңес Шайық “Озат бригадир”, Балғазы Томай “Озат агроном”, Марат Мырзабеков “Озат жүгері өсіруші”, Тұрсынбек Сәденов “Озат жоңышқа өсіруші”, Ербол Тәжімұратов “Озат бақша өсіруші” атанды. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар “Озат гидротехник”, “Үздік ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы”, “Озат картоп өсіруші”, “Үздік орманшы”, “Озат бағбан”, “Озат осеменатор”, “Озат ветеринар”, “Озат бақташы”, “Озат жылқышы”, “Озат шопан”, “Озат түйекеш”, “Озат балықшы”, “Озат телеарна қызметкері”, “Озат газет тілшісі” номинацияларымен марапатталды. Әрбір аталымдар бойынша үздік шыққан еңбеккерлерге арнап аудан өнерпаздары Галя Оспанова, Асылбек Көшербаев, Жұмабек Жансапов, Әлібек Айдар, Айсәуле Қияс, Балқыз Өмірзақова ән мен жырдан шашу шашса, “Ақжелең” бишілер тобы мың бұрала би биледі.
Аудандық “Алтын күз – 2018” іс-шарасына орай “Қазалы өнімдері – 2018” Қазалы ауданының тауар өндірушілер көрмесі, гүлдер жәрмеңкесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы Қ.Пірімов көшесі бойында орналасқан сауда қатарларына ауылдық округтер мен жеке қожалықтар өз өнімдерін шығарды. Жәрмеңкеге ауылдық округтер күріш, күріш қалдығы, бақша өнімдері, көкөніс, қой-тоқты, ет, сүт өнімдері мен отын-шөп әкелсе, “СПК Қызылорда балық” ЖШС, ЖК “Т.Игіліков” балық, “РЗА” АҚ нан, шұжық, сүт, айран, қаймақ және кондитер өнімдерін, “Жеңіс” шаруа қожалығы ет, шұбат, Қазалы аргарлы-техникалық колледжі мен жеке кәсіпкер Ф.Қазбергенова кондитер өнімдерін халыққа тиімді бағада ұсынды.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ