Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан қысымыңыз төмендегенде тіліңіздің астына тұз тастаңыз

Қан қысымыңыз төмендегенде тіліңіздің астына тұз тастаңыз

Сізді бас айналу, әлсіздік, көздің шарауы, көру қабілеттің нашарлауы, бас ауру мен ұйқысыздық мазалап жүр ме? Онда дереу тонометрді қолға алып, қан қысымын өлшеп көріңіз. Сынап бағаны мөлшерден төменді көрсетсе, сұрағыңызға жауаптың табылғаны. Енді бұл мазасыздықтан арылу үшін жедел түрде халық емін қолданып көріңіз.
Қан қысымын жылдам көтеретін ем:
Құрамындағы кофеин қан тамырлардың тонусын көтеріп, қан қысымын ретке келтіреді. Ол үшін 1 шыны сүтсіз кофеге жарты шай қасық қант қосып, аз-аз ұрттап ішесіз. Соңынан 15-20 минут жатып алуды ұмытпаңыз. Кофе қан қысымын бір сағатта қалпына келтіреді. Бірақ, кофені күніне 3 шыныдан артық ішуден сақтаныңыз. Даршын тұнбасы 1 стақан қайнаған суға жарты шай қасық даршын салып, жақсылап араластырасыз. Жылыған кезде 2 шай қасық бал қосып ашқарынға ішесіз. Емдік қасиеті мол тұнбаны таңертең және кешке қабылдау керек.
Адамтамыр тұнбасы Адамтамыр (женьшень) – қан қысымын қалпына келтіретін емдік шөп. Қан қысымын түсіру үшін өсімдіктің спиртін қолданасыз, ал көтеру үшін 30 тамшы адамтамыр тұнбасын ішіңіз. Тұнбаның дайын түрін де, спиртін де дәріханадан табуға болады. Грек жаңғағы мен лимон 4 дана лимонды блендермен езіп алыңыз. Оған 2-3 ас қасық ұнтақталған жаңғақ пен балды араластырыңыз. Дайын болған қоспаны ұйқыға жатар алдында 2 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді 3-4 апта үзбей жүргізсеңіз, қан қысымыңыз реттеледі.
Сермене тұнбасы
Дәріханада сатылатын сермене (лимонник) тұнбасын күніне 2 рет 20-25 тамшыдан ішсеңіз, қан қысымыңыз төмендемейді. Тұнбаны 1 стақан жылы суға араластырасыз. Емді мүмкіндігінше түске дейін жүргізіңіз. Емделу мерзімі – 3 апта. Араға 2 апта үзіліс жасап, емді қайта жалғастыруға болады. Аскорбин қышқылы Күніне 3 рет 1 данадан аскорбин қышқылын қабылдаңыз. Тұз сурет:madesw25.blogspot.com Басыңыз қысып ауыра бастағанда дереу тіліңіздің астына шым-шым тұз тастаңыз. 15-20 минутқа дейін су ішпеуге тырысыңыз. Егер тұз жей алмайтын болсаңыз, онда тұзды жаңғақ немесе пісте жеңіз. Тіпті тұздалған қиярдың да көмегі тиеді. Ағзаны темірмен байытыңыз Ол үшін құрамы темір элементіне бай алманы, анарды, бауырды, қарақұмықты көбірек жеңіз. Аптасына 1-2 рет аз-аздан майлы тамақты да жеу керектігін ескеріңіз. Коньяк
Қан қысымыңыз төмендеп кетсе, 25 гр. шыны коньяк немесе коньяк қосылған шай ішуге болады.
ernur.kz

02 қараша 2018 ж. 1 665 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930