Көз ауруларынан көк шайдың көмегімен қоштасыңыз
Күлімдеген көзге, мөлдіреген әрі өткір жанарға ие болғыңыз келсе, төмендегі емді ерінбей жасаңыз.
Көз – айналаңызды әрі әлемді көру бақытын сыйлайтын ең маңызды мүше. Көзіңіз арқылы өзіңізді, жақыныңызды, сүйіктіңізді, балаларыңызды, бәрін-бәрін көре аласыз. Кез келген заттың әдемілігін де, әсемдігін де, кемшілігін де көзіңіз көрсетеді. Сондықтан да өзі кішкентай ғана, бірақ бәрін көрсете алатын көзіңізді аурудан сақтаңыз. Ол үшін арнайы дәрігерге барып ем алудың қажеті жоқ. Өзіңіз үй жағдайында көзіңізге күтім жасаңыз.
Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы халықты көрсоқырлықтан сақтандыру үшін 11-қазан, яғни қазан айының екінші бейсенбісін «Әлемдік көру күні» деп жариялаған. Бұл күнді әлем елдері жыл сайын ескеріп, тойлауды дәстүрге айналдырған. 11-қазан күні мүмкіндігінше халықтың көз жанарын тексеріп, аурудың алдын алу туралы кеңестер беріліп, арнайы іс-шаралар жүргізіледі.
КӨК ШАЙ – көру қабілетін арттырады. Көзіңізді қырағы еткіңіз келсе, көк шайды күнде ішіңіз, жылыдай көзіңізге тамызыңыз, ұйқыға жатар алдында көк шайға мақтаны малып алып, көзіңізге басыңыз. Көк шай көру қабілетіңізді арттырады, қан тамырларды емдейді, артық шлактардан арылтады, ісінгенін басады, жанарыңыздың жасаурауын тоқтатады. Ол үшін 1 шай қасық көк шайды 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Жылыған кезде сүзіп алып, ем ретінде қолданасыз. Бұл тұнба әсіресе күн ұзақ компьютермен жұмыс істеп келген күні керемет көмектеседі. Компьютерден өткен улы заттардың бәрімен көк шай арқылы қоштасыңыз.
ЗІМБІР – көзіңіздің саулығын сақтайды 1 шай қасық ұнтақталған зімбірді 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Жылыған кезде сүзіп алып, ішке қабылдасаңыз, саулығыңыз артып, жастығыңыз ұзақ уақыт сақталады әрі көру қабілетіңіз артады.
АЛОЭ – жанарыңызды мөлдіретеді. Күлімдеген көз бен мөлдіреген жанарға ие болғыңыз келсе, алоэ шырынын қолданасыз. Ол үшін дәріханада сатылатын арнайы шырынды алыңыз немесе өзіңіз үйде жасаңыз. Шырынды дайындау үшін үйіңіздегі алоэ гүлін 3 күн бойы суармайсыз. Белгілі күннен соң сығып сөлін аласыз. 1 шай қасық шырынды ішке қабылдау арқылы жарқыраған жанарға ие боласыз. Сондай-ақ, ұйқыға жатар алдында 2-3 тамшы көзіңізге тамызсаңыз, шаршағаны басылады әрі күлімдеп шыға келесіз.
ИТМҰРЫН – көздің шаршағанын басады 2 ас қасық итмұрынды (шиповник) 1 стақан ыстық суға салып отқа қоясыз. 5 минуттай баяу отта қайнатып алыңыз. Салқындағанк езде сүзіп алып, 1/2 стақаннан таңертең және кешке ішесіз. КӨЗДӘРІ – жанарыңызға өткірлік сыйлайды Көздәрі шөбі (очанка) көз ауруларынан қорғайды және өткірлігін арттырады. Бұл шөптен дайындалған тұнбаны көзіңізді жусаңыз да, компресс жасасаңыз да, тіпті тамызсаңыз да болады. Тұнбаны дайындау үшін 1 литр қайнаған суға 5 ас қасық көздәрі шөбін салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 3 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Ақжелкен (петрушка) тамырын блендермен езіп алыңыз. Оған бірдей көлемде бал мен лимон шырынын араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңды тамақтан алдын қабылдайсыз. 1:1:1 есебімен жалбыз сөлін (мята), бал мен қайнаған суды стреилденген ыдысқа құйып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған сұйықтықты 2 тамшыдан көзіңізге тамызасыз. Артынан жалбыз қосып демделген 1 шыны шай ішіңіз. 1 шай қасық аскөк (укроп) дәнін термостағы 1 стақан қайнаған суға саласыз. Жарты сағаттай тұндырып алып, тамақтанудан алдын ішке қабылдайсыз. Емделу ұзақтығы – 2 күн.
ernur.kz