Пияз қабығының пайдасы

Тамағыңыз жиі ауырса пияз қабығының үстіне қайнаған су құйып, сүзгіден өткізіп, тамағыңызды шайыңыз.
Тұмауға тап болсаңыз
Қайнап жатқан суға төрт ас қасық ұнтақталған пияз қабығын сеуіп, 3-5 минут ыстық буымен дем алыңыз.
Қатты жөтелсеңіз
2 стақан суға 2 ас қасық пияз қабығын салып, 15 минут қайнатыңыз және міндетті түрде сүзгіден өткізіңіз. Күніне үш рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын ¼ стақаннан тұтыныңыз.
Бүйрегіңіз бен қуық қалбыршағыңыз ауырса
3 ас қасық ұнтақталған пияз қабығын алып, үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, 30 минутқа қалдырыңыз. Қуығыңыз қатты қабынып ауырса, күніне 2 рет 50 мл-ден 3-5 күн ішіңіз. Ал, үнемі ауыратын болса, онда күніне 3-4 рет 2 ас қасықтан 10 күн үзбей тұтыныңыз.
Тамыр аурулары мазаңызды алса
2 ас қасық ұнтақталған пияз қабығына 100 мл қайнаған су құйып, 7 күн күтіңіз. Дайын болған соң жақсылап сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшысын ішіңіз.
Мынадай тәсілі де бар 2 ас қасық пияз қабығына 400 мл қайнаған ыстық су құйып, 6 сағат күтіп, кейін сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын ¼ стақаннан 7-10 күн ішіңіз. Бір апта үзіліс жасап, емделу курсын әрі қарай жалғастыруға болады.