Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жастар жемқорлыққа қарсы

Жастар жемқорлыққа қарсы

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тудыру, жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа тәрбиелеу мақсатында "Достық" бастауыш партия ұйымының № 170 орта мектеп топтық ұйымында "Жастар жемқорлыққа қарсы" атты іс-шара болып өтті.
Аталған шараға аудандық партия филиалының консультанты Иманалиева Гүлдәрі Тасболатқызы, "Достық" бпұ мүшелері және мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жемқорлыққа қарсы күреске арналған шара барысында аталған мектептің "Адал ұрпақ" клубының ерікті жастары түрлі қойылымдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа өздерінің көзқарастарын білдірді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
27 қыркүйек 2018 ж. 999 0

Руханият

Қамшының қасиеті

Қамшының қасиеті

23 қыркүйек 2020 ж.
Шаштың сәні – шашбау

Шаштың сәні – шашбау

19 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930