Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дабылды ескерту: Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп күтілуде

Дабылды ескерту: Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп күтілуде

"Қазгидромет" РМК еліміздің жеті өңірінде дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 13 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде 1 градус, ал Талдықорған қаласында 1-3 градус үсік жүреді деп күтілуде.
13-14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында 2 градус үсік жүреді, тұман түседі. Тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.
Таразда 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Сондай-ақ, 13-15 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с дейін баруы ықтимал.
Күндіз 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады. Ал Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады деп болжануда.
kaz.nur.kz
13 қыркүйек 2018 ж. 1 028 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031