Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құны алтыннан да қымбат қапшықтарды тастамаңыз

Құны алтыннан да қымбат қапшықтарды тастамаңыз

Мына қапшықтарды ешқашан тастамаңыз. Олардың пайдасы мол екенін білсеңіз, алтыннан да қымбат зат екеніне көзіңіз жетеді. Жаңа аяқ киім сатып алғанда, қорабынан міндетті түрде ішінде белгісіз түйіршіктері бар қапшық табасыз. Олармен не істеу керек? Көп адамдар оны лақтырып тастайды. Алайда мына мәліметтен кейін сіз оларды лақтырмайтын боласыз. Себебі, ол қапшықтардың адам өміріне әкелер пайдасы көл-көсір. Бұл қапшыққа кремний диоксиді толтырылған. Аталған зат ылғалды құрғату қабілетіне ие. Олар кез келген ылғалды өзіне сіңіріп алады. Қапшықтарды қалай кәдеге жаратуға болады?
1. Орамалдарға арналған шкафтың ішіне қою керек Егер қапшықтарды осындай шкафқа қойып қойсаңыз, аз уақыттан соң ондағы артық ылғалдан арыла аласыз.
2. Автокөлік терезесін артық буланып кетуден қорғайды Егер бұл қапшықтарды автокөлік салонына қойып қояр болсақ, терезенің буланып кетуінен арылуға болады.
3. Өз телефоныңызды сақтап қаласыз Егер сіз байқаусызда өз телефоныңызды суға түсіріп алсаңыз, онда оны осындай бірнеше қапшық салынған қораптың ішіне орналастырып көріңіз. Осылайша, ондағы артық ылғалдан құтыла аласыз.
4. Ескі суреттеріңізді сақтай аласыз Уақыт өте келе ескі суреттер өзінің бастапқы қалпын жоғалта бастайды. Ескіріп, сарғайып кетеді. Осындай 2-3 қапшықты алып, оны суреттер салынған қорапқа орналастырсаңыз, осы проблемалардан құтыла аласыз.
5. Косметика мен ұстараңыздың қызметін ұзақ уақытқа сақтай аласыз Иә, олар тіпті мұндай кәдеге де жарайды. Қапшықтарды косметика немесе ұстара салынған қораптың ішіне орналастырыңыз. Осылайша, олардың жарамдылық мерзімін ұзарта аласыз.
ZHARAR.com
10 қыркүйек 2018 ж. 1 752 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031