Қоқыс тазалаушы күтпеген жерден 30 мың доллардың жүзігін тауып алды
Калифорния штатындағы жанұялардың бірі келеңсіздікке тап болды. Олар үйлерін жинау барысында байқаусызда қымбат жүзігін қоқыспен бірге лақтырып жіберген деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Шеберлер жүзікті шамамен 30 мың долларға бағалап отыр. Қымбат әшекейдің жоғалғанын білген соң отбасы мүшелері жергілікті коммуналдық қызметтен көмек сұрады.
Қызметкерлер аз ғана уақыттың ішінде ауданды қандай көлік аралағанын анықтап, қоқыстың қайда жіберілгенін білген. Кейін қымбат сақинаны қоқыс тазалаушының тапқаны белгілі болды.
Айта кетейік, қоқыс жинаушы жүзікті кездейсоқ тауып алған. Жергілікті БАҚ-тың айтуынша оның аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол ұсталып қалмас үшін алтыннан тез арада құтылған.
Дегенмен жүзік ұрланған жағдайда немесе қандай да бір қылмыстық іске қатысы бар болса, қоқыс жинаушы жауапқа тартылмайды.