Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арқа мен іштегі майды кетірудің тиімді жолдары

Арқа мен іштегі майды кетірудің тиімді жолдары

Іш пен арқадағы артық майды кетіру үшін пресс жасаудың қажеті жоқ. Ол үшін тамақтану керек. Дұрыс тамақтану керек. Біз артық салмақтың көптеген ауруларды, соның ішінде диабет пен жүрек ауруларын асқындыратынын білеміз. Ер адамдардың май қатпарлары ішіне жиналатындықтан, олардың жүрек-қан тамыр ауруларына жиі ұшырайтыны баяғыдан белгілі. Соған қарамастан, артық май саны мен ішіне жиналатын әйел адамдарда осы келеңсіздіктерден қиналатыны жасырын емес.
Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған 10 қарапайым азық-түлік түрі уақыт өте келе кез келген адамның ішін тегіс етіп, бұлшықеттерін қатайтады. Бұл заттар сонымен қатар арқа мен қолдағы артық маймен күресуде үлкен көмекші бола алады.
Дене шынықтыру жаттығулары бұлшықет тонусы мен калорияны кетіруге пайдалы болса, тамақтану мен жеміс-жидектердің, шырындар мен басқа тағам қоспаларының ерекше құрамы ағзадағы токсиндер мен майлардың шығуына тиімді әсер етеді.
Ең пайдалы заттардың бірі – сарымсақтан, лимон шырынынан және жылы судан жасалған коктейль. Сарымсақ тері астындағы май мен холестеринді шығаратын зат ретінде танымал. Сондықтан бүгін біз ең үздік нәтижеге қол жеткізу үшін барлық ингредиенттерді қалай үйлестіруге болатыны туралы айтамыз.
Жылы су қосылған лимон шырыны тағамның қорытылуы пен ішек перистальтикасын жақсартады. Сонымен бірге бал қосуға да болады.
Кәді (кабачок) токсин шығарады. Іштегі майды кетіріп, ағзаның май жиналуына қарсы қызметін күшейту үшін, ең алдымен токсиндерді шығару керек. Сондықтан кәдіні міндетті түрде өз ас мәзіріңізге қосқан абзал.
Көк шәй. Оның құрамында антиоксиданттар өте көп, сондықтан оның көмегімен артық сантиметрден жылдам арылуға болады. Егер оған лимон қосып жіберсеңіз, көк шәйдің пайдасын 2 есе арттыра аласыз.
Алма сірке суы іштегі майды жақсы ерітеді. Ол қандағы қант мөлшерін реттейді. Егер оны күнделікті тағамға қоссаңыз, кейін асқазанның толғаны сияқты әсер болады, сондықтан сіз көп тамақ ішкіңіз келмеуі де мүмкін.
Аш қарынға даршын (корица) мен бал қосылған жылы су іше отырып та, іштегі артық маймен күресуге болады.
Қарбыз дәрумендерге бай, суға толы және калориясы өте төмен. Ол асқазанды толтырып тұрады және одан кейін аса тамақ ішкің де келмейді. Сонымен қатар ол С дәруменіне бай. Бұл дәрумен тері жағдайын жақсартып, жалпы денсаулыққа да оң әсерін тигізеді.
Кориандр ағзадан асқазанға толып қалған, ішке ауа жинайтын артық сұйықтықтың шығуына көмектеседі.
Бадам (миндаль) жасұнықтың (клетчатканың) көзі болып табылатын антиоксиданттарға толы. Ол адамға тойып тұрғандай әсер береді. Аш қарынға 6-8 бадам жеп, артынан су ішкен дұрыс.

19 ақпан 2018 ж. 5 626 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031