Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әулиедей болған Әуелбеков - VII

Әулиедей болған Әуелбеков - VII

Әуелбеков Еркін Нұржанұлы Мәскеуде СССР Жоғарғы Кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары қызметінде жүргенде Сыр өңіріне ат ізін салған екен. Қазалы ауданында әкім-қаралар күтіп алып, тұрғындармен жүздестірген. Елдің ол кісіге пейілі ала бөтен керемет болды. Сол жиынға келген Қазалының бір қариясы:
- Еркінжан, өзіңе деген ықыласы басқа ғой. Ырымдап, немеремнің атын Еркін қойдым. Қазақтың баласысың, үйге түс, бұйыртқан сыбағаңды жеп кетесің, - деп жұрттың көзінше өтініш айтыпты. Сол кезде Ерекең:
- Рахмет, ақсақал. Қазақшылықты мен де жақсы білемін. Алайда, сол саулық мен үшін сойылмай-ақ қойсын. Қошақандарына да ене керек. Негізі, мен Қызылорда облысын басқарған 4 жыл ішінде бірде-бір басшының, болмаса сіз секілді шын пейілін ұсынған ел ақсақалдарының үйінен ас ішпеппін. Оны кезінде әкімдіктегі орынбасарларымнан бастап, осы аудандарға шығатын инспекторларға дейін қатаң ескерттім. Есесіне облыста асханалық жүйе дұрыс жолға қойылды. Сол себепті сіз рұқсат етсеңіз, ұстанымымда қалсам деймін, - деп ақсақалдан бата тілепті.
Мәлімет Қызылорда облысы әкімінің экс-бірінші орынбасары Нәжмаддин Мұсабаевтан алынды.
07 қыркүйек 2018 ж. 2 893 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031