Қаламгерлер құрмет төрінде
28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерің төл мерекесіне орай жылдағы дәстүр бойынша облыстық, аудандық байланыс және ақпарат саласының басшылары мен өкілдері, бүгінгі күнде кең қолданыстағы әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының қатысуымен Қазалы ауданы әкімдігінде салтанатты жиын өтті.
Оны Қазалы аудан әкімі М.Ергешбаев ашып, әрдайым ұшқыр қаламдарымен ауданымызда жасалған игі істерді дер кезінде халыққа жеткізіп, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына демеу болған журналистерді, телекоммуникация жүйесін жетілдіру мен тиімділігін арттыру жолында аянбай еңбек етіп жатқан байланысшыларды мерекесімен құттықтады. Мұнан соң, М.Нәлхожаұлы сала мамандарына «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Елдің ертеңі үшін қажыр-қайраты мен күш-жігерін аянбай жұмсап жүрген қаламгер-журналистер: облыстық «Сыр бойы», «Халық» газеттерінің Арал, Қазалы аудандары бойынша меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаевқа және аймақтық «Тұран-Қазалы» газетінің жауапты хатшысы Сәуле Жалдыбаеваға Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» иеленді.
Осы ретте, мол тәжірибесін, кәсіби шеберлігін ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени салаларының дамуы мен нығаюы жолында еңбек етіп келе жатқан бір топ қызметкерлер: «Евразия пресс» ЖШС-ның Қазалы ауданы бойынша бөлім басшысы Гүлсім Ақжігітқызы, Қазалы желілік техникалық цехінің электромонтері Қожаберген Тлеуов, Транстелеком ААҚ Қазалы теміржол филиалының телеграфисті Қанағат Примбетова, «Қазалы» газетінің фото-тілшісі Ғалымжан Алдамжаров, «Қазалы» газетінің бас маманы Ырзық Оразғалиев, «Тәуекел туы» газетінің операторы Ерсұлтан Сыдық, Қазалы аудандық почта байланысы торабының бас касса меңгерушісі Мейрамгүл Жұмамұратова, «Серік ТВ» телеарнасының режиссёры Эдуард Есмаханов аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және мерекелік сый-сияпаттармен марапатталды.
Жиын соңында аймақтық «Тұран-Қазалы» газетінің бас редакторының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш, Қазалы желілік техникалық цехінің бастығы Шамшадин Намазұлы әріптестеріне мерекелік лебіздерін білдірді.