Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Санавиация апатқа ұшыраған 48 қазақстандықты елге жеткізген

Санавиация апатқа ұшыраған 48 қазақстандықты елге жеткізген

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше еліміздің санитариялық авиациясы ҚР-ның бірнеше азаматына көмек көрстекен.
Қазақстанның санитариялық авиациясы қызметін бастағалы бері апатқа ұшыраған 48 қазақстандықты елге жеткізген.
«Жалпы, 2011 жылдан қазірге шейін Қазақстан Республикасының санитариялық авиациясы алыс-жақын шетелдерден (Таиланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Мысыр, Қырғызстан, Қытай, Ресей, т.б.) 48 ҚР азаматын елге жеткізді», – делінген хабарламада.
Шетелде зардап шеккен Қазақстан азаматтары қай елден болмасын, республикалық бюджет қаражаты есебінен әкелінеді.
Санитариялық авиация құрылғалы 15 мың қазақстандыққа көмек көрсетілген, соның 2 537-сі акушерлік ауытқуы бар әйелдер, 2 460-ы жаңа туған сәби, 3 249-ы бала, 2 365-і қан айналым жүйесі ауруларымен ауырған науқастар, 3 177-сі жазатайым оқиғаға тап болғандар, уланғандар, 1 458-і басқа аурулардан зардап шеккендер.
Еске сала кетейік, 30 тамыз күні санитариялық авиация Ресейдің Таулы Алтай өлкесінде жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматы Хасен Білімбайды Алматының №4 қалалық ауруханасына жеткізген болатын.
31 тамыз 2018 ж. 1 439 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 146

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 130

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30