Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа телевизиялық маусым: «QAREKET» ток-шоуының форматы өзгереді

Жаңа телевизиялық маусым: «QAREKET» ток-шоуының форматы өзгереді

Бүгін Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының күзгі телевизиялық маусымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «Qazaqstan», «Qazsport» және «balapan» телеарналарының жетекшілері жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен, қыркүйек айында «Qazaqstan» арнасының жаңа жобалары көрерменге жол тартатын болады. Мәселен, танымал «QAREKET» ток-шоуының форматы өзгереді. Енді, Бейсен Құранбекпен бірге бағдарламаны жаңа жүргізушілер, танымал кәсіби журналистер: Серік Әбікен, Нұрбол Батырбай, Досан Қызайбек және Есболат Айдабосын жүргізетін болады. Бұдан бөлек, қыркүйек айында күн сайын шығатын жаңа отбасылық «SHANYRAQ» ток-шоуының жүргізушісі Жұлдыз Абдукаримова болмақ. Одан басқа, сенбілік ойын-сауықтық «QAIYRLY KESH, QAZAQSTAN!», денсаулық саласын талдайтын «SHIPAGER» танымдық бағдарламалары ұсынылатын болады. Тағы да айта кететін жаңалық, «JAN JYLYY» атты әлеуметтік жоба эфирге қайта оралады. Белгілі болғандай, жаңа маусым аясында көрермендер «Отыңды өшірме», «Күй ғұмыр», «Кейкі мерген», «Абысындар», «Жаным менің», «Рауан», «Өсиет», «Арманға 20 қадам», «Шырағым» атты жаңа отандық телехикаяларды, «Жаңа қоныс», «Көзайым» туындыларының үшінші маусымын тамашалайтын болады. Сонымен қатар, деректі фильмдер тізбегі «Ұлы дала ұлағаты», «Көшпенділер», «Виртуалды соғыстың жазбалары», «Аққан жұлдыз» және басқа да туындылармен толықтырылмақ. Жаңа маусымға «Balapan» арнасы кішкентай көрермендеріне көптеген анимациялық сериалдар, ғылыми-танымдық, сауықтық жобалар топтамасын дайындады. Биылғы жылы анимациялық фильмдер көлемі анағұрлым артқандығы хабарланды. Телеарна өз көрермендеріне «Ертемір», «Айдар», «Дала ойындары», «Шахмат патшалығы», «Қоңыр қаз», «Еркелер», «Бабалар сөзі», «Дара тұлға», «Кел, шырқайық» сияқты 10 анимациялық сериал әзірледі. Мұнымен қоса, «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының жаңа телевизиялық маусымының негізгі жаңалығы - «Qazaqstan FIGHTER» бірегей реалити-шоуы. Жоба мақсаты - спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Мұндай бірегей жоба қазақстандық телевизия нарығында алғаш рет ұсынылмақ. Әділқазылар құрамын танымал спортшылар, бапкерлер, Олимпиада чемпиондары құрайды. «Qazsport» телеарнасы спорт әлеміндегі басты және ауқымды шараларды көрсетуді жалғастырады. Одан бөлек, телеарна ұлттық спорт түрлерін насихаттап қана қоймай, көрсетілімдерінің көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Тағы бір жаңалық, күзгі маусымда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына тағы да бір жаңа «Tamasha tv» телеарнасы қосылды. Телеарна эфирі корпорацияның ішкі телеөнімдерімен толықтырылатын болады. Айта кетсек, «Әзіл әлемі» «Жайдарман», «Хаха-шоу», «Әзіл Man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық телехикаялар және өзге де қызықты бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылмақ.
29 тамыз 2018 ж. 1 378 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930