Жаңалықтар ұсыну тәртібі өзгереді
«Facebook» әлеуметтік желісінің жаңалықтар ұсыну тәртібі бірнеше айдан кейін өзгереді. Бұл туралы танымал желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг өз парақшасында жазды. Ендігі кезекте әлеуметтік желіде жаңалықтар мен жарнама мәніндегі жазбалардың саны қысқармақ.
«Желі қолданушысының отбасы және достарына қатысты ақпараттар бірінші кезекте ұсынылады. Жаңалықтар ұсыну тәртібі әуел бастағы мақсатынан – адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті. Жаңа өзгертулер желіде аз уақыт жұмсауға сеп болады», - деп жазған Марк Цукерберг. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай қажет болатындығына тоқталған.
Айта кетейік, 2017 жылдың маусым айында «Facebook» әлеуметтік желісіне тіркелушілер саны 2 миллиардтан асты.