Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіленуге арланбайтын адамдар

Тіленуге арланбайтын адамдар

Біздің Қызылордадағы вокзал маңынан ауданға қатынайтын автобустарды білетін шығарсыз?! Тіпті мына Арал-Қазалыдан бөлек, арғысы Ақтөбе, мына шеті Шымкент-Ташкент, бас орда – Астанаға да автобус бар. Шүкір, әйтеуір сағат сайын, мезгіл сайын, күнара, дембіл-дембіл қатынап тұр.
Ауылға бармақшы едім. Пойыздан гөрі жылдам жеткізе қоятын автобусқа билет алмаққа вокзалға келдім. Мен мінетін «Икарустың» жүруіне әлі аттай бір сағат уақыт бар. Дәл соның алдында Байқоңырға жүретін дүңкиген автобусың ысқырынып тұр. Оған баратын ел-жұрт жиналып орнына отырды-ау, әне-міне жүреді дегенде отырғанда, автобус ішінен сарнаған дауыс шықты.
– Ағуззы биллахи минәәәәш.....
Басында жылағандай болған ер не әйел екені белгісіз дыбыстың қандай үн екенін енді аңғардым. Жақындап қарағанымда, қырыққа таяп қалған қазақ жігіті екен. Шатып-бұтып, қасиетті Құранның «Фатиха» мен «Ықыласын» тез-тез оқыды да, көлік ішінде отырған жұрттан алақан жайып, тиын жинауға кірісті. Сүрені сүреңсіз қып оқыса да, іштегі үлкендер ләм-мим демеді, қолға түскен бақырын әлгінің қолына ұстатып жатты. Аянышты түрге еніп алған әлгі жігіттің ұзын автобустың басынан аяғына дейін жағалап, тиын болса да, табыс тапқандағысы. Жұмысының түрі сол, жол жүргелі тұрған автобустың алдыңғы қатарына тізесін бүгіп, жарым-жартылай дұға-тілек оқып, бата жасау. Ақысына алақан жайып, ақша сұрау, Бір қызығы, сол «батагөйім» сәлден соң вокзалдағы көп дүңгіршектің бірінен жүз грамды шірене тартып жатты...
Біздің қаладан ілгеріде қайыршы қазақ көріп пе едіңіз?! Жо-жоқ, атамаңыз. Қайыршы болды, бірақ оның өзі өзге ұлттан еді. Тәжік пе, сыған ба, айыру қиын базар маңында қаптап жүрмесе де, оқта-текте көріп қалушы едік қой. Сұмдығы сол, ескі базар мен вокзал маңы, «Универсам» аталатын мөлтек аудан тұсында қол жайған қаракөз қандастар көбейіп тұр. Олардың қатарында кім бар дейсіз бе? Жауырыны қақпақтай жас жігіттер мен қаусаған кәрің, бетін мұң торлаған әжім басқан кексе еркек пен әйел. Балаларды өз басым көрмедім, мұнысына да шүкір. Сонда, «бұдан да жаман күнде тойға барғанбыз» дегендей, аласапыран кезеңде қайыр тілемеген біздің қызылордалықтар, жақсы күнде неге жаман болып жүр? Намыстың жоқтығы ма, әлде жеңілі осы – тілемсектеніп тамақ асырау болып па?
Бұл, шынымен, рухани әлсіздік. Айтпақшы, бұл жерде он екі мүшесі сау, аяқ-қолы бүтін «қол жайғыштарды»ғана айтып отырмын. Оларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген ұмтылысы куантады. Кембағалмын демей, кәсібін істеп отырған кей пендені осыдан кейін қалай құрметттемейсіз. Ал көшеде таразысымен салмақ өлшеп, тоқылған киім-кешегін, гүлін немесе көкөнісін сатып, аз болса да ақша табатын әжелер жанында апталдай азаматтардың қай жері кем? «Шишаға» тиын сұрап жүрген қазақ жігіттерін талай көрдік. Аяқ-қолы балғадай бола тұра, жігер жоқтығынан тіленуге төселіп алғандар қазақтың қаймағын бұзып жүргені анық нәрсе ғой.
Абайдан блогер жасамақ болсақ та, айналып ұлы адамның ұлы сөзін айтамыз. «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды». Абай осылай демеп пе еді?!
Ержан СОЙЫРҚАС
10 тамыз 2018 ж. 1 650 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930