Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетелі қыз жеті ұлға татиды

Жетелі қыз жеті ұлға татиды

Қазақ – қызды қонақ деп төрінен орын беріп, қадірлеп өскен халық. Нәзік жандыларды келешек ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі деп сыйлаған. Қашанда нәзік жандыларға құрмет көрсеткен халықпыз.
Қазақ ұрпақтың, қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар аударған. «Жетелі қыз жеті ұлға татиды» деп оларды ұлттың бойтұмары мен абыройы, болашағы деп есептейді. Сондықтан бұған аса зор жауапкершілікпен қарап, қаракөз жандарды сырт көзден сақтаған. Оларды биязылыққа, ибалылыққа тәрбиелеген.
Қызды қырық үйден тыйып, қарындасты қастерлейтін халық едік. Бірақ, қазіргі кейбір жағдайлар түрлі ойларға жетелейді. Әлеуметтік желіні парақтап, теледидар тетігін басып қалсаң қазақы қалпымызға, бойымызға, болмысымызға кері кейпін көрсеткен бойжеткендерді көруге болады. Айтпасаң сөз атасы өледі. Ерте заманда қыз-келіншектердің жұрт алдында ашық-шашық жүруі оғаш көрінетін. Ол уақытта, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей киген.
Бүгінгі күні аталған ұлттық киімдерді көбісі біле бермейді. «Тәрбие – тал бесіктен» дейміз. Қызын сәнге айналған жыртық шалбардан тыйып, қазақи тәрбие беріп отырған аналар азайды. Әр адамның алдында тұратын негізгі міндетінің бірі – ұрпақ тәрбиелеу. Саналы ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы борышымыз. Әлеуметтік желілерге көз жүгіртсек, әлемдік жұлдыздар жайында жан-жақты ақпарат бар. Оған қазақ эстрада жұлдыздарын қосыңыз... Көрермендерін дауысымен емес, оғаш әдетімен мезі ететін әншілеріміз көбейді.
Қыз тәрбиелеуде ананың рөлі зор. Халықта аузында «Есті қыз етегін қымтап ұстар» деген мақал бар.
Еламан Қазбеков
aqmeshit-aptalygy.kz
17 шілде 2018 ж. 3 043 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 46

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031