Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр сұңқары Серікбай

Сыр сұңқары Серікбай

Қазалы ауданы халқымызға белгілі түрлі тарлан текті тұлғаларды түлетті. Олар еліміздің сан саласында қажыр-қайратын сарқып қызмет атқарып келеді. Ел тәуелсіздігінің іргетасы берік, көк туы асқақ болу үшін жан аямай жұмыс істеуде.
Жұртымызда «Ауылына қарап, азаматын таны» деген тәмсіл бар. Ол құдды қазалылық Елім, – деп туған ерлерге арналып айтылғандай. Ат арқасында, ел алдында жүрген жерлестердің жеткен жетістігі, істеген ерен істері біздер үшін мәртебелі мақтаныш. Қай жерге барсаңда кеуде керіп «Қазалылықпын!» – деп айту да солардың арқасы деуге толық негіз бар.
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» дегендей шүмектеп аққан маңдай терімен, өнегелі қызметі арқылы танылған сондай жерлестердің бірі де, бірегейі – Серікбай Ерімбетов десек қателеспейміз. Көпшілікке белгілі азаматтың есімін аудан тұрмақ, респуб¬лика жұртшылығы білетіні айқын.
1956 жылы Қазалы ауданында кіндік қаны тамған оның ғұмыр жолы да сан-соқпақты.
Жастайынан әділдік пен адамгершілікке құмартып өскен Серікбай Садықұлы С.М.Ки¬ров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Білім жолын¬дағы терең ізденісі, өз саласына деген қызығушылығы жалынды жігіттің бойында «халқыма қалтқысыз қызмет қылсам» деген асқақ арманның ұшқынын лау¬¬латты.
Университет қабырғасынан соң, алғашқы қызметтік жолын сонау қиырдағы Семей қалалық прокуратурасының тергеушісі болып бастаған.
«Ер туған жеріне» демекші, мұнан соң, туған өңірге келіп, Қызылорда облыстық прокурорының аға көмекшісі болған. Қызметтегі қырағылығы, асқақ армандары мен мардымды мақсаттары осы аралықтан алға жетелеп, Жалағаш ауданының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, облыс прокуроры секілді абыройлы қызметтер атқарған.
Әділдік пен әділеттің ақ туын адамдық жолдан адаспай көтерген Серікбай Ерімбетов 1998-2005 жылдар аралығында ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, басқарма, департамент бастығы болған.
Дәл осы 2005 жылы ерінің еңбегін елі де ескеріп «Ерен еңбегі үшін» деген медалін еншілеген.
Қызметтегі даңғыл жолы жалғасып, қазалылық ұлан Ақмола, Маңғыстау облыстарында бас проркурор лауазымдарының тізгінін ұстаған. Сондай-ақ, Орталық аймақтық көлік прокуроры, Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры, ҚР бас прокуратурасының департамент бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы секілді мерейлі қызмет сатыларынан өткен.
Кез келген адам баласының еңбегінің еленгені, марапат биігінен көрінгені үлкен мерей болып табылатыны рас. Осы орайда, Серікбай Ерімбетов «ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне – 10 жыл», «ҚР Парламентіне – 10 жыл», «ҚР прокуратурасына – 20 жыл», «Астанаға – 10 жыл», «Қазақстан полициясына – 15 жыл» медальдарын кеудесіне таққан. Ал қызметте қара қылды қақ жарып, әділдіктен айнымай жүргені үшін «Әділет кеңесшісі» атағын иемденген.
Үлкен-үлкен қызметтер атқарса да ауылға деген сағынышы мен жерлестеріне деген қамқорлығы Серікбайдың көңілін әрдайым елеңдетіп тұрды. Осы бағытта Серікбай Ерімбетовтің қазалылық тұрмысы төмен он отбасын қыстық көмірмен қамтамасыз етіп, оларға азық-түлік пен қаржылай көмек көрсеткенін де айта кетуіміз ләзім. Ақыл мен қайратты ұштастырған азаматтың жүрегінің үлкендігі кім-кімге болмасын үлгі-өнеге.

Есет ТАБЫНБАЕВ.

23 желтоқсан 2017 ж. 1 984 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930