Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балаларға арналған дамыту орталығы

Ерекше балаларға арналған дамыту орталығы

Алматы облысы Талғар ауданы «International Marmara Academy» – аутизмге шалдыққан балаларlды дамыту орталығы ашылды.
Аталған білім ордасына арнайы барған Түркия Республикасы Алматы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ Орталықтың қызметкерлерімен, тәлім алып жатқан балалармен кездесті. Ерекше балалардың Қоғамға оңай бейімделуі, жарқын болашаққа еркін қадам басуында өте маңызды рөл атқаратынын айтты: «Түрік-қазақ достығын нығайту мақсатында әр салада ынтымақтастықты күшейте береміз. Осы орайда, Түркияға танымал өнер қайраткері Леля Байрамоғуллары ханым әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қазақстанда концерт қоюға келді. Солардың бірі – бүгін ерекше балалар үшін болатын концерт».
Түркиядан Алматыға арнайы келген Анталья Мемлекеттік симфониялық оркестрінің флейташысы Леля Байрамоғуллары: «Балалар – біздің болашағымыз. Мен шетелдік сапарларымда балаларға өнеріммен қуаныш сыйлауға тырысамын. Қазақстанға келгенде де осы үрдістен жаңылмадық», – деді.
«International Marmara Academy» Білім жөніндегі үйлестірушісі Хилал Ачыкгөздің айтуынша, балаларға арнайы білім бағдарламаларымен қатар дене шынықтыру жаттығулары, жүзу, үстел теннисі, физиотерапия, тіл және сөйлеу терапиясы, қоғамға әлеуметтік бейімделу, футбол, жеңіл атлетика, гимнастика, коньки, велосипед т.б. салалар қамтылған.
Аталған орталық Түркиядағы 35 шет мемлекеттегі 11 мың балаға білім беретін Мармара аутизм білім, терапия және спорт орталығының филиалы ретінде ашылған.

Нәзия Жоямергенқызы
13 мамыр 2024 ж. 658 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30