Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инклюзивті білім беретін педагог-психологтар 40% үстемақы алады

Инклюзивті білім беретін педагог-психологтар 40% үстемақы алады

Бұл туралы «Еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту» туралы өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды baq.kz.
Журналистердің «Ерекше балалармен жұмыс істеу оңай емес. Осы тұрғыда инклюзивті білім беруде педагогтерге қандай да бір жағдай жасала ма? Жалақы көтерілгеннен басқа» деген сауалға Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Кудеринова жауап берді.
Оның айтуынша, ерекше балалармен жұмыс істеу оңай емес. Осы тұрғыда жалақыдан бөлек педагог-психологтар 40% үстемақы алады.
Қазіргі таңда балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау аясында педагог-ассистент лауазымы енгізілген. Осы тұрғыда 1000-ға жуық педагог-ассистент жұмыс істейді. Одан бөлек мектепке дейінгі ұйымдарға да педагог-ассистент лауазымын қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған қазақ және орыс тілдерінде бейне, ым-ишара сөздігі әзірленіп жатыр.
Аутистикалық бұзылулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің, арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтары үшін Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамытушы бағдарлама сәтті қолданысқа енгізілді, - дейді Әйгерім Кудеринова.
20 сәуір 2023 ж. 557 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30