Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздіктер халықаралық байқауда бақ сынайды

Үздіктер халықаралық байқауда бақ сынайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 15 маусым - 4 шілде күндері аралығында Ақмола облысы, Бурабай демалыс аймағында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай «Burabay Summer Fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі өткізілуде.
Фестивальдің Қызылорда облысындағы іріктеу туры 12 мамыр күні Облыстық филармония ғимаратында өтті. Фестиваль «Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталдық орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номинациялары бойынша өтті. Фестиваль-конкурста композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы Тайманов Рамазан, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы Әбсадықов Әлімжан, дәстүрлі әнші, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің доценті Бимбетова Шолпан, облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрының режиссері Жанмұратова Күләш, Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Топорченко Елена қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс жасады.
Биылғы ХХ облыстық «Бозторғай» конкурсында жүзден жүйрік шыққан Өнер мектебінің «Балбұлақ» би ансамблі және аралдық «Ақтолқын» би тобының бүлдіршіндері «Burabay Summer Fest» фестиваліне жолдама алған болатын.
Еліміздің барлық облыс, қалаларында фестивальге іріктеу жұмыстары жүргізіліп, осы орайда, Сыр өңірімізден аталған байқауға 10-16 жас аралығындағы 70-ке тарта үміткер қатысып, 7 жанр бойынша өнер көрсетіп, үздік деп танылған төмендегі өнерпаздар ақтық кезеңге жолдама алып, «BURABAI SUMMER FEST» І халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының телевизиялық фестиваль-конкурсында Сыр елінің намысын қорғайтын болады.
25 маусым 2018 ж. 2 356 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930