Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сыр сахнасында – «Бозторғай»

Сыр сахнасында – «Бозторғай»

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйін Сыр бойының кішкентай «бозторғайлары» шаттыққа толтырды. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында өткізілген ХХ облыстық «Бозторғай» конкурсының мақсаты Сыр елінің бүлдіршін өнерпаздары мен жасөспірімдерінің шығармашылығын насихаттау.
Жиырма жылдыққа аяқ басқан «Бозторғай» конкурсының жеңімпаздары, Сыр елінен шыққан 500-ден аса жеке орындаушылар, би топтары бүгінде қазақтың, әлемнің сахнасында өзін де, өнерлерін де мойындатты. Ал биылғы облыстық байқауда 500-ден аса бүлдіршін бақ сынады. Конкурстың ерекшелігі дәстүрлі ән салу мен халықтық орындау, күйшілік жанрдың жеке сайыс ретінде қарастырылғаны. Бұл ұлт руханиятының алтын ордасы Сыр бойында қазақ өнерінің қанат жайып, салтанат құруы. Байқаудың бастамашысы Қызылорда облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы болса, ұйымдастырушы – облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы.
Биыл Астананың 20 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп «Балет және ұлттық биді қолдау және дамыту» қоры «Burabay sammer fest» фестивалін өткізеді. Елорданы мерейтойымен құттықтауға «Бозторғай» конкурсында жүзден жүйрік шыққан екі би тобы таңдалды. Олар – Өнер мектебінің «Балбұлақ» би ансамблі және аралдық «Ақтолқын» би тобының бүлдіршіндері.
Өнер мектебінің балалары байқаудың ұлттық би кезеңіне «Алдаркөсе Шығайбайдың тойында» сынды сюжеті күлдіргі әңгімені дайындаған. Ал заманауи би кезеңіне «Сүйкімді күшіктер» биін таңдауы ұтымды болды.
– Шығайбай образына шеберліктің ұштасуы жолдаманың бірін жеңуге мүмкіндік сыйлады. Қазір өнер мектебінің хареография бөлімінде 100-ден аса бала болса, бұл шараға 66 бүлдіршін қатысты, − дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Әсел Ідірісова.
Ал биыл «Ақтолқын» би ансамблінің – 20 жылдығы. Оқушылар үйінің жанында құрылған ансамбльде 120 бала бар. Байқауға келген 26 оқушы әсіресе, «Қыз ғұмыры» биі мен хип-хоп жанрындағы пойыздағы оқиғаны әдемі орындады.
Үш күнге созылған байқау бес жанр бойынша үш жас ерекшелігіне байланысты үздіктерді анықтады. Бас жүлде иеленген өнерпаздар енді мамыр айында өтетін халықаралық ХХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауына қатысады.
Атап өтер болсақ, «Аспапта орындау» жанры бойынша – Жангүл Өтепқали (10 жасқа дейін), «Дәстүрлі ән салу» жанры бойынша – Сымбат Үсен (11-13 жас), Нұрбол Октябров (14-17 жас), «Вокал» жанры бойынша – Гүлназ Рысбекова (10 жасқа дейін), Қарақат Базарбай (11-13 жас), «Көркемсөз оқу» жанры бойынша – Мөлдір Мүслимова (10 жасқа дейін), Айзере Тәжібай (11-13 жас), Мәди Бижан (14-17 жас) бас жүлдені жеңіп алды. Алда Сыр «бозторғайлары» таланттар тайталасында топ жарады деген сенім бар.
10 сәуір 2018 ж. 1 336 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930