Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі ерекше есепшіге құрмет көрсетілді

Еңбегі ерекше есепшіге құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев 40 жылға жуық Қазалы аудандық білім бөлімінде бас есепші қызметін абыроймен атқарып келген Люба Өтемұратованы арнайы қабылдап, зейнет жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
– Бухгалтер-экономист – көпшіліктің жүрегі дауалай бермейтін мамандық. Себебі, есеп-қисап та қателікке бой алдыруға болмайды. Ал Сіз алдымен ауыл шаруашылық, сосын білім саласында қырық жылға жуық өзіңізге жүктелген жауапты қызметтің ыстығы мен суығына төзіп, еңбекқорлығыңыздың арқасында ұжымдастарыңыздың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде зейнет жасына жетіп, үлкен бір әулеттің ақылшы анасы болған Сіздің жүріп өткен еңбек жолыңыз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, – деген Мұхтар Әуесұлы мерейтой иесін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен» марапаттап, арнайы сый-сияпатын табыстады.
Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз алып, өзінің ыстық ықыласын жеткізді.
Өз кезегінде Люба Өтемұратова мерейтойымен құттықтаған аудан басшылығына алғысын айтып, шынайы ризашылығын білдірді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 ақпан 2024 ж. 313 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930