Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айшолпан НҰРҒАЙЫП: Алты жасымнан атқа мініп, сегіз жасымнан бүркіт ұстадым

Айшолпан НҰРҒАЙЫП: Алты жасымнан атқа мініп, сегіз жасымнан бүркіт ұстадым

Әлемге танымал бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып Моңғолияда туған. Бүгінде Алматыдағы белді жоғары оқу орындарының брінде білім алады. Қайсар мінез қыран құсты қолына қондырып, баптай білген батыр қызбен сұхбаттасудың сәті түскен болатын.

– Айшолпан, Сіздің есіміңізге отандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қанықпыз. Десе де өз аузыңыздан естісек. Қай өңірдің тумасыз? Отбасыңыз жайлы айтсаңыз...
– Моңғолия мемлекетінің тумасымын. Әкемнің есіміРыс Нұрғайып, анам Алмагүл Көксеген. Отбасымызда төрт ағайындымыз.Ағам Самарқан, сіңілім Сайгулік және інім Динислам.Мен қазіргі таңда Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирель атындағы университетті 4 курс студентімін. Мамандығым қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі.
Мен ұл секілді өстім. Кішкентайымнан көргенім бүркіт болатын. Алты жасымнан атқа мініп үйрендім, сегіз жасымнан бүркіт ұстадым. Ағам Самарқан құсбегілікпен айналысады. Өзінің бүркіті бар болатын. Алайда ағам мектепті бітірген соң оқуға кетті де, оның бүркітін қарау, баптау менің мойныма жүктелді. Ол кезде мен бар-жоғы сегіз жастаедім. Таңнан кешке дейін қызықтайтыным сол бүркіт. Алғашретқыранбүркітті сол кезде қолыма ұстап көрдім. Бүркіттің салмағы он келі. Өзіңіз ойлаңызшы, мұндай салмақтағыбүркіттіұстауүшін де үлкенкүшкерек.
Екі мыңжылдық тарихы бар бүркіт салып, саятшылық құру біздің жеті атамыздан бері жалғасып келе жатқан өнер. Мәселен, менің әкем де, ағамда, атам да қырағы құсбегі. Мен бала кезімнен әкемнің, әкемнің бауырларының бүркіт баптап, саятшылыққа шығатынын көріп өстім. Сондықтан болар осы өрнерге деген қызығушылығым мен құмарлығым бала кезімнен басталды.
– Қазақ жеті қазынаның біріне балаған бүркітті баптаудағы ең басты қағида қандай? Киелі құс нені ұнатады, нені ұнатпайды?
– Бүркіт ет жеуді, тау-таста жүргенді, еркіндікді ұнатады. Ол сөйлей алмасада адамша іс-әркекет біледі.Бүркіттің жүрегі таза, адамға шыдамдылықпен, сабырлықты үйретеді. Бүркіт ішімдік ішкен адамды ұнатпайды.
Бүркіттің бойында үйренер қасиет көп. Бүркіттер жалғыз және биіктікте ұшады. Олар торғай, қарға және басқа да ұсақ құстармен ұшпайды.Бүркіттердің көзқарасы дәл. Оларда назарын 5 км қашықтықтағы нәрсеге аудару мүмкіндігі бар. Кедергі шықса да, бүркіт олжасын ұстамайынша назарын басқа жаққа аудармайды.Бүркіттер өлі заттарды жемейді. Олар тек жаңа жыртқышпен қоректенеді. Оның мәні өткен жетістіктеріңізге сенбеңіз, бағындыратын жаңа шекараларды іздеңіз. Өткеніңді өткенге қалдыр дегенге саяды.
Бүркіт дауылды жақсы көреді. Бұлттар жиналса, бүркіт толқи бастайды, бүркіт өзін жоғары көтеру үшін дауылды желді пайдаланады. Бүркіт дауылдың желін тапқаннан кейін бұлттардың үстінен көтеріледі. Бұл қыранға сырғып, қанаттарын демалуға мүмкіндік береді. Осы уақытта қалған құстардың бәрі ағаштың бұтақтары мен жапырақтарына тығылады. Бұл дегеніңіз, қиындықтармен бетпе-бет келіңіз, бұл сізді бұрынғыдан да күшті және жақсырақ ететінін біліңіз. Біз өмірдің дауылдарын пайдаланып, үлкен биіктерге көтеріле аламыз. Жетістікке жеткендер биіктерге көтерілуден қорықпайды. Жетістікке жеткендер қиындықтардан қорықпайды, керісінше олардан ләззат алады және оларды тиімді пайдаланады.
– Сіз туралы америкалық белгілі мемуарист Лиз Уэлш «Бүркітші қыз» атты кітап жазды.Фильм де түсірілген екен. Болашақта өзіңіз кітап жазғыңыз келе ме? Егер жазсаңыз, оның мазмұны қандай болар еді...
– Қазір мен қысқа-нұсқа әңгімелер жазып бастадым. Жалпы кітап оқуғанды ұнатамын. Сонымен қатар,Алла қаласа кітап жазу ойымда бар.
– Ал«The Eagle Huntress» деректі фильмі қалай түсірілді?
– Моңғолияға бүркітшілер сайысына келген израильдік фотограф Ашер Свиденски ер бүркітшілерді ғана көріп, неге әйелдер де бүркіт ұстамайтынын зерттеген. Үйімізге туристер көп келетін. Тілшілердің бірі оған Алтанцөгцте Нұрғайыптың қызы бүркіт баптайды деп айтыпты. Фотограф ауылға келіп, тауда суретке түсірді. Сол кісінің арқасында әлемге танылдым.
Ауылға келген туристер фотоға түсіре беретін, біз де оған үйренгенбіз. Бірақ әлемге таныламын деп ойламадым. Режиссер Отто Белл суретті көрген соң мен туралы фильм түсіремін деп үйге келді. Ол кезде кішкентай едім. Көп нәрсе біле бермедім.
Мен күле де, жылай да алмаймын, киноға қалай түсемін деп айтқанымда олар күліп, күнделікті өміріңді түсіреміз деді. Киноға түспеймін деп атқа мініп тауға қашып кеткен едім. Атам мен әкем ақыл айтып, келісімшартқа отырдық. Фильм Моңғолияда 12 жасымнан бастап екі жарым жыл түсірілді.
–Біздің елде құсбегілік өнер қандай деңгейде? Дамыту үшін қандай қадамдар жасаған дұрыс деп ойлайсыз?
– Қазір құсбегілік жылдан-жылға өте жақсы дамып келеді.Себебі, мен көптеген бүркіт жарсына барып жүрмін. Мысалы Шығыс Қазақстан, Астана, Алматы, Бурабай, тағы басқа өңірлерде болдым. Бұндай сайыстар өз жалғасын тапса, құсбегілік өнер одан әрі дамып, өкрендейді. Халықтың да қызығушылығы артады деп сенемін. Ең бастысы, бүркіттің жан-дүнесін түсіну керек.Оны үйде ұстап, баптап отырғаннан гөрі, аңға шығу керек.
Ең алғаш 13 жасымда бүркітшілер сайысына қатыстым. 79 жігіттіңарасында жалғыз қыз болдым. Бүркітті 6 секундта қолға шақырып, рекорд орнатып бірінші орын алдым. Бірақ қыз бала деп жеңісімді мойындамады. Аңға шыққанда нағыз бүркітші қыз екенімді дәлелдедім.
– «Армансыз адам қанатсыз құспен тең». Сіз нені армандайсыз?
– Менің ұстанымым бар. Ол көкейімдегі арман-мақсатарымды алдын ала айтпау. Жүзеге асқаннан кейін «Міне, менің осындай арманым немесе мақсатым жүзеге асты» деп сүйіншілегенді ұнатамын. Десе де сізбен кейбір жоспарларымды бөліскім келіп тұр. Қазір «Бүркітші қыз» ретінде әлемге танылсам, енді «Білімді Айшолпан» болып танылуды көздеймін. Ол үшін жан-жақты білімімді жетілдіріп, тіл үйренуді де қолға алдым.Сонымен қатар Қазақстанда бүркітшілер мектебін ашу жоспарымда бар.Елдегі туризимді дамытқым келеді.
– Айшолпан, уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақмет. Жоспарларыңыз жүзеге ассын. Биік белестерді бағындыра беріңіз.
Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

27 қаңтар 2024 ж. 382 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930