Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүркіт – ердің серігі

Бүркіт – ердің серігі

Бүркіт отырған үйде жын-шайтан болмайды, құт тұрады дейді. Бүркіт – ердің серігі. Құстың алдынан қыз-келіншек, бозбалаларды ретсіз жүргізбейді. «Артынан айналып жүр» деп қариялар ескертіп отыратын-ды. Құсқа қарап дәрет сындырмайтын. Бүркіт бір сілкінгенде бар пәле кетеді деп ырымдайды.
Жақсы қыран құсы қаза болғанда, құс иесі қайғырып, аза тұтады. Оны арулап, ақ шүберекпен орап, құстың мекендеген тау-тас, ұясына жақын жерге көміп белгі тұрғызады. Бүркіттің қанат, құйрық қауырсыны, бас терісін, тұяғын, аяғын алып үйдің төріне, түс киізге және жас баланың бесігінің басына іліп қояды. Мұның себебі қасиетті құс пәледен, көз-сұқтан сақтайды деген сенімде. Баланың бесігіне тағудың мәні – балғын сәбиді шошымаудан сақтайды дегендік. Құсбегі үйге құсымен келсе, кетерінде бүркіттің иығына шоқ үкі тағып, не ақ дәннен түйіншек береді. Құсты құр шығармайды. Шошынған адамның басына бүркітті отырғызып, оған табынтады. Толғақты жеңілдету үшін де үйге бүркіт әкеліп әйел адамға көрсететін салт болған.
Ең алғаш түз құсын немесе балапанды әкелгенде алдынан үй иелері, туыс-туған, жеңгелері ақ дәмнен шашу шашып қарсы алады. Жақсы тілек тілеп, ақсарбас сойып, ақсақалдар бата береді. Түнімен әндетіп құсты шаршатады. Алғаш құс бау ашқанда да шашу шашатын дәстүр бар. Біреудің құсын қалап алғанда тұғырына жапқаным деп дүние береді. Бүркіттің жүнін баспайды. Жастыққа оны бас ауырмайды деп салады. Ілгеріде бүркіт «жынды» бақсылар көп болған. Олар жын шақырғанда ауаны пышақпен ойқастайды. Бурят, дархат, сатын, якут, кумандықтар (алтайлар) аюға қалай бас ұрып берілсе, бүркітке қазақ солай табынған. Кейбір дәстүрлер ұқсас: толғақты жиілетіп, жеңілдету үшін қазақтар бүркітті басқа қондырып, болмаса көзіне көрсетсе, бурят, дархат, сатындар әйелдің беліне аюдың тұяғын ілетін болған.
Дайындаған Сахи БАХИҰЛЫ
18 шілде 2020 ж. 5 551 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930