Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парақорлықпен пәрменді күресу – борышымыз

Парақорлықпен пәрменді күресу – борышымыз

Кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан Қазақстанныңмемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл – менің берік ұстанымым. Осы жұмыста ешқандай көзбояушылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуге тиіс.Талап қатаң болады» деген болатын. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді,
бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайтубүгінгі күндегі басты мақсат болып
табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадаға-
лап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.
Мәселен, Қазалы ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясымен бекітілген жоспары бар. Соған сәйкес 2023 жылы комиссиямен 4 отырыс өткізілді. Аталған жиындарда жауапты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалып, хаттамалық шешіммен тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем
төзбеушілік қағидаттары мүдделі дербес бөлімдер мен мекеме басшыларына және қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне үздіксіз ескертілуде. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жоспарына сәйкес 2023 жылдан бастап қала, аудан әкімдіктерінде No4 Үлгілік базалық бағытын іске асырылуда.

Жобаға сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдануда. Сонымен қатар жобаны іске асыру барысында бекітілген кестеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ай сайын оқыту іс-шаралары, сондай-ақ тұрғындар, оның ішінде жастар арасында түсін-
дірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Расымен біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Мұхтар ОРАЗБАЕВ,
Қазалы ауданының әкімі
23 желтоқсан 2023 ж. 152 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930