Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҮШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаевпен бірге ауданға жасаған жұмыс сапары аясында Қарашеңгел, Қ.Пірімов және Басықара ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Аймақ басшысы кездесуде өткен жылдың қорытындылары, жетістіктері туралы қысқаша баяндап, содан соң тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Мұнан соң кездесуде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайын Дәуіт бата берді. Сондай-ақ, ардагерлер мен ауыл азаматтарына марапат тапсырылды.
Кездесуден соң фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов әлеуметтік салаға қатысты мәселемен жүгінген зейнеткерді қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізді.
Айта кетейік, биыл Қазалы ауданының Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне газ құбырын тарту басталады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында көпбейінді орталық ауруханаға қосымша ғимарат салынбақ. Кәукей ауылында 100 орындық ауылдық клуб құрылысы жүруде. Жақын күндері Майдакөл ауылында да клуб салу қолға алынады. Бекарыстан би, Қожабақы ауылдары мен Әйтеке би кентінде жаңа спорт кешені бой көтереді.

#AMANAT
11 қаңтар 2024 ж. 433 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930