Облыс әкімі Қазалы ауданында болды
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың солтүстік аудандарға жұмыс сапары басталды. Негізгі мақсат қос аудандағы ауылдарды аралап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдау.Аймақ басшысы алдымен Қазалы ауданына ат басын бұрып, Жанқожа батыр мен Бекарыстан би ауылының тұрғындарымен кездесті.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовқа Арықбалық және Майдакөл ауылдық округінің әкімдері Мәулен Қайруллаев пен Ғалымжан Зинадинов 2019 жылы атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Майдакөл ауылдық округі әкімінің айтуынша, биыл жеке кәсіпкер ауылдан 90 орындық балабақшаның құрылысын бастайды.
Жаңа жылды ауыл-аймақтарды аралаудан бастаған Қуанышбек Досмайылұлына тұрғындар алғыстарын айтып, жергілікті халықты толғандырған сұрақтарын қойды.
Жанқожа батыр ауылындағы спорт кешенінде өткенде кездесуде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Шайқұл сервистік желі жүргізу жөнінде ұсыныс айтты.
Бекарыстан би ауылының тұрғындары да сервистік желі жүргізу жөнінде мәселе көтерді. Сондай-ақ, бекарыстанбиліктер ауылға типтік жобадағы спорт кешені салынса деген өтініштерін жеткізді.
Өз кезегінде аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, осы жылы Бекарыстан би ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізде спорт кешенін салу үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілетінін тілге тиек етті.
Мұнан әрі облыс әкімінің сапары Арал ауданына жалғасты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі