Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутатымен ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланды

Мәжіліс депутатымен ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Басықара су торабына арнайы барып нысанның жағдайымен танысқан соң, фракция мүшесі ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен бірге Сырдария өзеніндегі судың жайын талқыға салды.
Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты аудан бойынша соңғы 1-2 жылдың көлемінде кейбір көлдер мен жайылымдықтарға су жіберілмеді. Алайда бұл мәселелердің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілен болатын. Дегенмен өзендегі су тапшылығы осы жылы да байқалып, дақылдарды суару кезеңінде кері әсерін тигізіп, егін және мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге көптеген кедергілер келтірді.
Осы ретте кездесуде қазалылық шаруалар бұл күрделенген мәселе екенін айта отырып, шешілу жолдары тиісті деңгейде қарастырылса деген ұсыныстарын жеткізді. Ал өз кезегінде халық қалаулысы мәселенің жергілікті тұрғындар үшін өзектілігін ескере отырып, бұл бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізетінін тілге тиек етті.
Айта кетейік, кездесуге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және тиісті сала мамандары қатысты.
#AMANAT
22 тамыз 2023 ж. 317 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30